27 Наурыз, 2019

ЖХЛ: «Сарыарқа» жартылай финалға шықты

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарыста Қарағандының «Сарыарқасы» Альметьевскінің «Нефтянигінен» басым түсті.

ЖХЛ: «Сарыарқа» жартылай финалға шықты

Бұған дейін өткен ширек финалдық алты сайыста қос команда үш реттен жеңіске жетіп, таразы басы теңселіп тұрды. Шешуші матч Татарстанда өтті. Жергілікті хоккейшілер қанша жанталасқанымен, жерлестеріміз өте сауатты ойнап, өздеріне қолайлы нәтижеге қол жеткізді. Есеп ­– 3:1. Біздің команда сапында Александр Ремов (20 минут), Олег Ломако (26 минут) және Максим Кицын (60 минут) мергендік танытты.

Санаулы күндерден кейін жартылай финалдық бәсекелер басталады. Бұл межеде «Сарыарқа» Санкт-Петербургтің СКА-Нева командасымен күш сынасады. Келесі жұпты  «Торос» (Нефтекамск) пен «Рубин» (Түмен) клубтары құрап отыр. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»