27 Наурыз, 2019

ММА: Таразда айқасатындар анықталды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 наурызда Тараз қаласында ережесіз жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирде қай спортшылардың айқас алаңына шығатыны белгілі болды.

ММА: Таразда айқасатындар анықталды

Данияр Қасқарауов жетекшілік ететін «Алаш прайд» ұйымдастырып отырған жарыстың басты бәсекесі Ғалымжан Қанаев пен түркиялық Құтылыхан Сормагес арасында өтеді. Олар К-1 нұсқасы бойынша қандасымызға тиесілі айтулы ұйымның 80 кило салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық белбеуі үшін таласады. Тағы бір аса қызықты жекпе-жек сақа спортшы, қазақтың қайсар ұлы Ермек Тлауов пен беларуссиялық Иван Жвирбля арасында өтеді деп күтілуде. Олар 65,8 кило салмақта өнер көрсетеді. Ал өзге бәсекелерде мына мықтылар өзара күш сынасады:

61,2 кило: Шыңғыс Қайранов – Владимир Либеров (Ресей)

70,3 кило: Эрлан Улукбеков (Қырғызстан) – Илья Варварский (Ресей)

80 кило: Санжар Әділов – Ариет Бекішев (Қырғызстан)

57 кило: Руслан Сариев – Бостон Анарбаев (Қырғызстан)

75 кило: Серік Разғалиев – Жабраил Индорбаев (Ресей)

65,8 кило: Бағлан Сарекенов – Шохжахон Абдулхамидов

61,2 кило: Рауан Бекболат – Александр Володин (Ресей)

70,3 кило: Олжас Есқараев – Элдор Эронов (Өзбекстан)

61,2 кило: Мұқағали Несіпбай – Фарух Файзиев (Өзбекстан)


Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»