27 Наурыз, 2019

Тарихи кезең таңдауы

560 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысына қатысушылар елдегі саяси өзгерістерге назар аударып, «Қазақстан саясатының жаңа келбеті» тақырыбында сөз қозға­ды. Соған байланысты сарапшылар еліміздің алдында тұрған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалар­­ға қатысты басымдықтар мен жаңа талаптар жайын талқылады.

Тарихи кезең таңдауы

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орын­­басары Мәулен Әшімбаев Елбасының тарихи шешімі ел дамуының жаңа кезеңін бастап бергенін айтты. Соған байланыс­ты ол әр қазақстандықтың елдің болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуы маңызды екенін жеткізді.

– Қазіргідей ел дамуына тіке­лей әсер ететін оқиғалар кезін­де қоғамның ауызбіршілігі мен біртұтастығын сақтау өте маңызды. Сондықтан осындай кезеңде қазақстандықтар жұ­дырықтай жұмылып, әр азамат өз жауапкершілігін түсініп әре­кет етуі керек. Өйткені мұн­дай жағдайды өзінің жеке мүдделеріне пайдаланып, ел арасына іріткі салуды көздейтін кейбір күштердің бар екені белгілі. Сондықтан әрқайсымыз еліміз­дің болаша­ғына жауа­п­кер­шілікпен қарап, қоғамдағы бір­лік пен берекені сақтауға күш жұмсауымыз қажет, – деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасы саясатын одан әрі жалғастырудың маңы­зы мен Тұңғыш Президентіміз анық­тап берген жолдың басым­дықтарына тоқталды.

– Елбасы саясатының негізін­де еліміздің жаңа кезеңімен бір­ге болашағы үшін де аса маңыз­ды мақсаттар мен құндылықтар бар. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен мемлекеттілікті күшейту, елімізде кәсіпкерлікті дамыту, жекеменшік иелеріне қолдау көрсету, тиімді әлеуметтік саясатты іске асыру, бейбітшілік пен келісімді сақтау және ең дамыған елдердің қатарына қосылуға бағыт­талған жұмыстарды одан әрі жалғастыру сияқты басым­дықтар Елбасы саясатының негізі болып саналады. Бұл құн­ды­лықтар мен мақсаттар бір күндік емес. Өйткені олар біздің болашағымызды айқындайтын сипатқа ие. Сондықтан қазір­гі­дей тарихи кезеңде Тұң­ғыш Президентіміздің елімізді одан әрі дамытуға бағытталған стра­тегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға әр азамат өз үлесін қосуы керек, – деді М.Әшімбаев.

Отырыс барысында Елбасы­ның Қауіпсіздік Кеңесінің Төраға­сы және «Nur Otan» партиясы­н­ың Төрағасы болып қала беруі аталған саяси институттардың рөлін одан әрі күшейтетіні де айтылды. Бұл жөнінде Мәулен Әшімбаев партияның халық­тың бірлігін сақтап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолын жалғастырудағы жауапкершілігі арта түскенін айтты.

– Елбасымыздың аталған құрылымдардың төрағасы болып қалуы бұл институттардың жауапкершілігін арттыра түсе­ді. «Nur Otan» партиясы осы жауапкершілікті сезіне отырып, еліміздегі барлық саяси күш­пен әріптестік орнатуға дайын. Біз әр тараптың ұстанымына құр­метпен қарап, елдік мүдде жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзіміздің барлық алаңдарымызды пайдалануға дайынбыз. Қажет болса, жаңа алаңдарды да іске қосамыз. Біздің басты мақсатымыз – Елбасының экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы жаң­ғыру бағытын жүзеге асырудың тиім­ді тетіктерін пысықтау. Сондық­тан партиямыз барлық мүд­делі топпен жұмыс істеуге дайын, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Отырыстың модератор­лық міндетін дәстүрге сай «Talap» қолданбалы зерттеу­лер орта­лығы­ның директоры Рахым Ошақ­баев атқарды. Пікір­талас барысында қоғам қай­рат­кері, саясаттанушы Айдос Сарым, Парламент Мәжілісі­нің Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасының Прези­денті жанындағы Қазақстан стра­те­гия­лық зерттеулер институты дирек­торының орынбасары Санат Көшкінбаев және «Nur Otan» партиясы жанындағы Стра­­те­гиялық бастамалар институты директорының орынбасары Евгений Кочетов қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»