29 Желтоқсан, 2012

Аттестаттаудың арқауы

401 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Аттестаттаудың арқауы

Сенбі, 29 желтоқсан 2012 7:19

«100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей қалды және органдардан босатылды». 
 Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан.

 

Сенбі, 29 желтоқсан 2012 7:19

«100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей қалды және органдардан босатылды». 
 Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев құқық қорғау жүйесіндегі кадрлық жаңарту мәселесіне айрықша тоқталғаны белгілі. Президент «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығына қол қойды. Аталған құжаттың түсініктемесінде кезектен тыс аттестаттаудың басты мақсаты мен тапсырмалары туралы айтылды. Ондағы басты міндет – қоғам мен бизнестің қажеттілігіне жауап бере алатын, заман талабына сай құқық қорғау жүйесіне кадрлар өзегін қалыптастыру. Соның арқасында теріс қылықтарымен көзге түскен, мемлекеттік қызметке кездейсоқ келген лауазымды тұлғалардан араны тазарту, құқық қорғау органдары қатарына кәсіби біліктілігі жоғары, ар-намысы бар азаматтарды сұрыптап, қоғам тыныштығына жауапты саланың кадр саясатына сапалы оң өзгерістер енгізіп, оларға деген халықтың сенімін арттыру болды.

Әрине, бұл жүргізілген кезектен тыс аттестаттау да құқық қорғау саласындағы реформаның жалғасы екендігі белгілі. Осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған біраз қадамдар жасалды: заңдарға өзгерістер енгізілді, әрбір органның міндеті айқындалды, бұрындары кез келген орган жүргізетін істер бір жүйеге келтірілді, қылмыстық заң­нама ізгілендірілді, ма­те­риалдық-техникалық ахуал жоғарылады. Сөйтіп, барлық құқық қорғау органдарының жеке құрамның сапалы жаңаруына Жоғары, орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары жете назар аударып, қорытындысы да шығарылды. Алғашқы ке­зеңде барлық құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары аттестаттаудан өтті, одан кейінгі кезең орталық және үшінші кезеңде аймақтық органдар қызметкерлері аттестаттаудан өтті. Бұл орайда Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған кезектен тыс аттестаттаудың маңыздылығын атап өтті. Аттестаттау қорытындысы бойынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруды едәуір жақсарту және еңбекақыларын айтарлықтай арттыру мәселесі қарастырылатын болады, деді. Соның айғағындай, жаңа Жолдауда Елбасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау керектігін тапсырамын, деді.
Мұның бәрі кезектен тыс жүргізілген аттестаттаудың ма­­ңыздылығын көрсетеді. Ха­лық­аралық тәжірибені талдауды ес­кере отырып, аттестаттаудың үш деңгейлі сатысы анықталды.
Кезектен тыс аттестаттаудың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби, әскери және дене шынықтыру дайындығының деңгейін тексеру, өз қатарын құзыретті емес қызметкерлерден және мо­раль­дық-адамгершілік сипаты төмен, сыбайлас жемқорлық кө­ріністеріне және өзге де теріс қылықтарға бейім адамдардан тазарту. Әрбір аттестатталатын адам бойынша кадрлық шешім әңгімелесу нәтижелері бойынша дербес қабылданды, оның барысында қызмет өткеру, тестілеуден өту, кәсіби жарамдылыққа ар­налған нормативтерді тапсыру нәтижелері және арнайы тексеру материалдары талдалды.
Жоғары аттестаттау комиссия­сынан 368 басшы аттестаттаудан өтсе, оның қорытындылары бойынша олардың әр бесіншісіне қатысты теріс шешім шығарылды, ал жоғары лауазымдағы 28 қызметкер аттестаттаудан өтуден бас тартуына байланысты қызметтен босатылды. Осылайша құқық қорғау органдарының жоғары басшылық құрамы үштен бір бөлігіне жаңарды. Ал Орталық аттестаттау комиссиялары 4 971 қызметкерді аттестаттаудан өткізіп, олардың ішінде 879-ы, яғни 15 пайызы аттес­таттаудан өтпей, 257-сі жұмыстан шығарылды. 411-інің лауазымы төмендетілді, мұның барлығы сала қызметкерлерінің кәсіби жарамдылық деңгейін тексеріп, маман емес қызметкерлерден, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және өзге теріс әрекеттерге бейімделген, адамгершілік сипаты төмен адамдардан тазарту мақсатында жүзеге асты. Сондай-ақ, жоғарыдағыдай аттестаттау барысы облыстар мен аудандарда жүргізіліп, нәтижесінде кезектен тыс аттестаттау құқық қорғау органдарының кадрлық резервін көп сатылы және іріктеудің қатаң рәсімінен өткен адамдардың қатарынан жаңартуға мүмкіндік берді.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан.