27 Наурыз, 2019

Әскери аспаздар сайысы

1189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында тағылымды да қызықты шаралар жиі өткізіліп тұрады. Кезекті са­йыс «Армия-2019» халықаралық армия ойындарының «Далалық асхана» конкурсына дайындық іс-шараларына сәйкес өткізілген «Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік аспаздар мен наубайшылар сайысы болды.

Әскери аспаздар сайысы

Халықаралық әскери ын­ты­­мақ­тастықты және әс­ке­­ри-техникалық серік­тес­тікті ны­ғайту, әскери қыз­мет­тің мәрте­бесін өсіру, жа­уын­гер­­лік даярлықтағы бәсе­­ке­лес­тік­ті арттыру және әскери-ар­на­­йы техни­ка­­лар­дың мүм­кін­­діктерін көрсету мақ­са­тын­дағы «Да­лалық асхана» бай­қауында әскери аспаздар ше­бер аспаздығын, әрі үздік әскери қабілетін көрсетуге мүм­кіндік алды. 

«Атыс даярлығынан жа­­рыс» кезеңі барысында әс­кери аспаздардың мер­гендігі сыналса, «Азық-түлік өнімдерінен мәзірге сәйкес тағам мен нан дайындау», сондай-ақ «Өз қалауы бо­йынша берілген азық-түлік өнімдерінен тағам мен нан дайындау» кезеңдерінде олардың бірінші, екінші және үшінші тамақтардың, салқын тіскебасардың, нәрсудың рецептіге орай дайындалуы мен оның сапасы бағаланды. Дала төсінде сайысқа түскен аспаздардың мәзірінде ви­негрет салаты, жазғы салат, борщ, солянка, күріш ботқасы бар қуырылған горбушка, картофел қосылған лангет, мүкжидек морсы, құрғақ жемісті компот болды. Сонымен қоса, әскерилер нан мен нан-бөлішке өнімдерін бекітілген рецептіге сай да­йындады. Тамақ және нан өнімдерін әзірлеу үшін әске­ри аспаздар мен наубайшылар далалық жағдайда ПП-40 тасымалдайтын плитасын, КП-30 тасымалданатын асханасын, КП-130 прицепті асханасын және прицепті нан әзірлеу блоктарын қолданды.

«Батыс» өңірлік қол­басшылығы команда­сы­ның құрамына Ақтөбелік 30238 әскери бөлімі мен Ақ­тау­дағы 75488 әскери бөлі­мінен 2 аспаз бен 2 нау­байшы кірді. Бүгінгі күні команда мүшелері Қарулы Күштердің іріктеу жарысына қызу да­йындалуда.

Халықаралық армиялық ойын­дардың азық-түлік қыз­меті мамандарына ара­сын­­да өткізілетін ерекше қы­­зық­ты конкурс болып табы­ла­тын аталмыш «Да­ла­лық ас­хана» сайысы Ресей Фе­де­рациясының Мә­с­кеу облысы «Алабино» по­ли­го­нында «Жақсы ауқат­­тан­саң – ұрыс­та же­тіс­тікке жете­сің» ұра­ны­мен өтетін болады. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы