27 Наурыз, 2019

«Қазақ күресі» спартакиадасында палуандар белдесті

579 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды Жастар жылы деп ел жастарына көп үміт артатындығын білдірді. Соған орай барша кеудесінде оты бар, жүрегінде жалыны бар әрбір жасымыз әрекет етуіміз керек. Елбасымыз қойған осы бір ұран осы ұстанымды жетекшілікке ала отырып, еліміздің әр қиырында көптеген жарыс, додалар, іс-шаралар өткізіліп жатыр.

 «Қазақ күресі» спартакиадасында палуандар белдесті

Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы арасында саламатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында ІІМ білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамының арасында спартакиаданың бірінші кезеңі наурыздың 15-і күні ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында ұйымдастырылды. Әр қалада шоғырланған ІІМ-нің оқу орталықтары және жоғары ведомствалық оқу орындары арасында Қазақ күресінен спартакиада өтті.

Жарысқа ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Ұлттық Ұланның Петропавл қаласының әскери институты, Теміртау, Павлодар және Қостанай қалаларының оқу орталықтары, сонымен қатар ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының палуандары өз өнерлерін көрсетті. Қай оқу орнының палуандарын алсаң да әрқайсысы өз алдына мықты әрі байсалды, спартакиадаға жоғары дайындықпен келген спорт шеберлері.

Салтанатты іс-шараны өткізуді өз жетекшілігіне алған академиямыздың бастығы, полиция генерал-мойоры Мирлан Қызылов өз сөзінде палуандарға жүрекжарды лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қазақ күресі палуандарына ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің аға инспекторы, полиция майоры А.Бейсенғалиев, «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамының Қостанай облыстық филиалының бастығы В.Черняев та палуандарға жеңіс тіледі.

Әр палуанға ұлттық дәрежедегі төреші К.Исмагулов және I дәрежедегі төрешілер Е.Кабидуллинов, М.Абдуайтов, Е.Шакиров оң бағаларын беріп, төрелік етті.

Спартакиада Qazaq kuresi халықаралық федерациясының қағидаларымен 66 кг, 74 кг, 82 кг және +82 кг жоғары салмақ дәрежелерінде өткізілді.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген палуандар көрермендерге қазақ күресінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, өзара күш сынасты.

Қазақ күресінен өткен спартакиадада академиямыздың мың бұралған бишілер ұжымы би билеп, оқу орнымыздың тәрбие жұмысы бөлімінің білікті маманы Тимур Тулыбаев пен 1-курс курсанты Төлеу Ақтөренің орындауында палуандардың бойына патриоттық рух ұялататын «Атамекен» әні шырқалды.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қостанай облысы Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, әнші-сазгер Қалибек Деріпсалдин басқарған академиямыздың домбырашылар оркестрі өз өнерлерін көрсетті. Осылайша, жарысымыздың қазақы нақыштағы атмосферасын жандандыра түсті.

66 кг салмақ дәрежесінде:

I орын - Оразбек Ержан – Ұлттық Ұлан әскери институты;

II орын - Берік Ерік – М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын - Бойрабай Фақриддин – Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы;

III орын - Раимханов Қамбар – Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

74 кг салмақ дәрежесінде:

I орын - Мейрханов Нурасыл - Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

II орын - Касылжанов Ерасыл - Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

III орын - Әлімбеков Бибатыр - М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын - Бакзалбаев Гасырбек - Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы;

82 кг салмақ дәрежесінде:

I орын - Уринбеков Нуржигит - Ұлттық Ұлан әскери институты;

II орын - Құрманғалиев Бауыржан – Теміртау қ. оқу орталығы;

III орын - Жарқынбек Бәқдаулет – Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы;

III орын - Ахметов Ерасыл - Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

+82 кг салмақ дәрежесінен жоғары:

I орын - Сәбит Жан - Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы;

II орын - Сұлтанов Әбілсеіт - Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау

техникалық институты;

III орын - Пірназар Әділбек - М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын - Бақочонов Идрис - Ұлттық Ұлан әскери институты.

Сонымен қатар жалпы командалық жүлделі орындар бойынша:

I орынды Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау

техникалық институтының командасы;

II орынды Ұлттық Ұлан әскери институтының командасы;

III орынды Теміртау қ. оқу орталығының командасы иеленді. Жоғарыда аталған әртүрлі салмақтағы палуандарға дипломдар мен медальдар, кубоктар табыс етілді.

Сонымен қатар аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгендері үшін Қостанай академиясының, «Динамо» ДШСҚ өңірлік филиалының өкілдері мен төрешілер дипломдармен марапатталды. «Қазақ күресі» спартакиадасы бойынша қорытынды марапаттаулар Алматы қаласында өткізілетін болады.

О. УАҚПАЕВА,

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының баспасөз хатшысы