27 Наурыз, 2019

Қарулы Күштерде «Мерген батальоны» сайысының қорытындысы бойынша үздіктер таңдалды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚК Құрлық әскерлеріндеатыс машығын арттыру, штаттық қару мен қару-жарақтан оқ атулар жаттығуларын (тапсырмаларын) орындау бойынша үздіктерді анықтау, әскери қызмтешілердің сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгерулеріне жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында жалпыәскери және десанттық бөлімшелер арасында «Мерген батальоны» сайысы өз мәресіне жетті.

Қарулы Күштерде «Мерген батальоны» сайысының қорытындысы бойынша үздіктер таңдалды

Сайыс барысында мерзімді әскери қызметшілерді қоса есептегенде батальондардың жеке құрамы штаттық қару-жарақтан бақылау (оқу) атыстарының жаттығулары мен ауа райына қарамастан тәуліктің кез келген уақытында жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді орындады. Тәжірибелі әскери қызметшілерден құралған төрешілер алқасы екі номинация бойынша сайыс жеңімпаздарын анықтады. Біріншісі – мотоатқыш, десанттық-шабуылдау, шабуылдау батальондары, теңіз жаяу әскері батальондары мен екіншісі – танк батальондары арасында.

Жетекшілердің баға берулері бойынша сайыс нәтижелері Құрлық әскерлері бөлімшелерінің атыс машықтары деңгейінің елеулі түрде жоғарлағанын растайды. Сайыс қорытындысы бойынша «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мотоатқыш батальондары мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының танк батальоны жақсы жағынан атап өтілді.