27 Наурыз, 2019

Құрлық әскерлерінде үздік минаатқыш батареясы таңдалды

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысы полковник Асқар Жоламановтың жетекшілік етуімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» жалпы әскери полигонының аумағында алғаш рет Құрлық әскерлері минаатқыш батареяларының сайысы өтті.

Құрлық әскерлерінде үздік минаатқыш батареясы таңдалды

Бөлімшелердің дайындық деңгейін, олардың қойылған тапсырмаларды орындауға әзірлік дәрежелерін арттыру, артиллериялық бөлімшелерді дайындаудың озық тәжірибесі мен әдістемелерін біріктіру және жеткізу, тапсырмаларды орындау кезінде минаатқыш бөлімшелердің іс-қимылдарының жаңа айла-тәсілдерін зерттеу сайыстың негізгі мақсаты болды.

«Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының 5 минаатқыш батареясы құрамындағы 120-дан аса әскери қызметші сайыстың үш кезеңінде өздерінің теориялық білімдері мен іс жүзіндегі машықтарын көрсету үшін іріктелінді.

Бірінші кезең барысында батареялар жалпы командалық нәтижелер бойынша анағұрлым көп ұпай санын жинайтын бөлімшені анықтау мақсатында атыс қаруынан бақылау атыстарының жаттығуын орындады. Екінші кезеңде әскери қызметшілер бөлімше құрамында жеке жеке түрде арнайы дайындық бойынша өздерінің теориялық және практикалық білімдерін көрсетті. Үшінші кезең барысында әскери қызметшілер жауыгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда уақытқа көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқышта әртүрлі қашықтықтарда нысаналардан бастап атыс позицияларын ауыстыра отырып, минаатқыш зеңбіректен практикалық оқ атуларды орындады.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Шығыс» ӨңҚ мина атқыш батареясы, екінші орынды «Оңтүстік» ӨңҚ минаатқыш батареясы және үшінші орынды «Батыс» ӨңҚ минаатқыш бөлімшесі жеңіп алды.