Елімізге сай дамып, қызмет етудеміз
Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:24
Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментіне қарасты Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» кеден бекеті үшін 2012 жыл өзгеше жыл болды. Осы жылы кеден бекеті қызметкерлерінің көптен күткен, жаңа заман талабына сай кеден бекетінің жаңа ғимараты іске қосылды. Жаңа ғимараттың кедендік аймағында электронды өткізу жүйесі, радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, рентген телевизиялық аппарат, Скан-жолаушы, тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесі, инспекциялық тексеру кешендері, кедендік рәсімдеудің электронды декларация қабылдайтын арнайы орындары орналасқан.
Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:24
Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментіне қарасты Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» кеден бекеті үшін 2012 жыл өзгеше жыл болды. Осы жылы кеден бекеті қызметкерлерінің көптен күткен, жаңа заман талабына сай кеден бекетінің жаңа ғимараты іске қосылды. Жаңа ғимараттың кедендік аймағында электронды өткізу жүйесі, радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, рентген телевизиялық аппарат, Скан-жолаушы, тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесі, инспекциялық тексеру кешендері, кедендік рәсімдеудің электронды декларация қабылдайтын арнайы орындары орналасқан.
Осы жаңа қондырғы жүйелерінің арқасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жүретін жолаушылардың, сыртқы экономикаға қатысушылардың, көлік құралдары мен тауарлардың өтуі барынша жеңілдетілген. Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы өту уақыты бұрынғыға қарағанда, екі есеге кеміп, сыртқы экономикалық қатысушылардың жұмыс істеу жағдайлары және де кеден бекетіндегі кеден қызметкерлерінің жұмыс орындары толығымен автоматтандырылған.
Кеден органдарының штаттық құрылымын дұрыс пайдалану, кеден органдарының алдына қойылған шараларды тиімді іске асыру мақсатында Кеден одағының сыртқы шекара аумағын нығайту үшін жақында № СШ-22 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы М.Есенбаевтың бұйрығымен «Мақтаарал» кеден бекеті «Атамекен» кеден бекеті болып өзгертілді, сонымен қатар «Атамекен» кеден бекетінің коды «55503»-тен, «55502»-ге ауыстырылды.
Кеден бекеті ОҚО Мақтаарал ауданы «Атакент-Сырдария» автожолында, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен шектесетін Кеден одағы кедендік шекарасында орналасқан. Кеден бекетін өз жұртымыздың шетелдермен қарым-қатынас жасауын жандандыруға ықпалын тигізіп келе жатқан Мақтаарал ауданындағы үлкен достық көпірі десек болады.
«Атамекен» кеден бекеті Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау мақсатында біршама жұмыстар атқарды. Кеден бекеті қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен тиянақты еңбегінің арқасында биылғы жылы 607 тауарға арналған декларациялар ресімделіп, мемлекеттік бюджетке 294 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті, алға қойылған болжамды жоспар 120 пайызға орындалды. Енді Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бойынша жұмыла жұмыс істейтін боламыз.
Тағы бір айта кететін жайт, – ОҚО КБД «Атамекен» кеден бекетінің контрабандаға қарсы күрес бөлімшесіне қарасты қызметкерлері, негізінен алғанда, аттестаттаудан табысты өтті. Ал жалпысында кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатындағы кеден бекеті қызметкерлерінің қырағылығының арқасында үстіміздегі жылы 244 әкімшілік істер айқындалды. Қозғалған әкімшілік істер бойынша мемлекеттік бюджетке құқық бұзушылардан 2 235 576 теңге айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, ҚР ҚК 250, 209-баптары бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда кеден бекетінің басшысы Нұралы Бекеновтің басшылығымен «Атамекен» кеден бекетінде 60-қа тарта кеден қызметкерлері Отанымыздың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел Үкіметінің кеден қызметкерлерінің алдына қойған тапсырмаларын толығымен орындау мақсатында адал қызмет атқарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз.
Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтарды жұмыспен қамту, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру және де 2020 жылға дейін 1,5 миллион адамды жұмысқа орналастыру тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаменті бойынша 70-ке тарта қызметкер жұмысқа қабылданып, соның ішінде «Атамекен» кеден бекетіне 9 жас маман жұмысқа алынды. Ал «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаменті 110 пәтерлі 16 тұрғын үйді Сарыағаш ауданы «Самал» шағын ауданында іске қосса, 4 пәтер «Атамекен» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.
Пәрмен МОЛДАБЕКОВ,
«Атамекен» кеден бекетінің бас маманы.
Оңтүстік Қазақстан
облысы.