27 Наурыз, 2019

Семейде еліміздегі құрлық әскерлерінің үздік миномет батареясы анықталды

637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Бастығының нұсқауын жүзеге асыру және мамандардың кәсіби даярлығын тексеру мақсатында, ҚР ҚК Ракета әскерлері мен артиллерия әскерлерінің қолбасшысы полковник Асқар Жоламановтың басшылығымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигоны аумағында алғаш рет Құрлық әскерлерінің миномет батареяларының жарысы өтті.

Семейде еліміздегі құрлық әскерлерінің үздік миномет батареясы анықталды

Семейге арнайы келіп сынға түскен «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан 120-дан астам әскери қызметшілер, яғни  5 миномет батарейлері жарыстың үш кезеңінде өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсету үшін іріктелді,-деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант  Исламбек Қалдыбеков,-бірінші кезең «Атыс», оның барысында батареялар жалпы командалық нәтижемен ең көп балл жинайтын батареяны анықтау үшін АК-74-тен 4 бақылау ату жаттығуларын орындады. Екінші кезең «Арнайы» деп аталды. Әскери қызметшілер арнайы дайындық бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. Бөлімше құрамында және жеке өз мамандықтары бойынша сынақтар мен нормативтерді тапсырды. Үшінші кезең «Батареяның атуы», жарыстың қорытынды кезеңінде жеке құрамның әрекетін соғыс жағдайына максималды жақындату үшін жеңіл брондалған көп мақсатты тартқышында (МТЛБ) от позициясын ауыстыра отырып нысаналардан әртүрлі қашықтықтан минометтен көздеп ату.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінің миномет батареясы, екінші орынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 74884 әскери бөлімінің миномет батареясы, үшінші орынға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  30238 әскери бөлімінің миномет батареясы шықты.

Раушан НҰҒМАНБЕК                          

«Еgemen QAZAQSTAN»

СЕМЕЙ