27 Наурыз, 2019

Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны 2 млн адамға жуықтады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны екі миллионға жуықтады. 686 адам көз жұмды. 

Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны 2 млн адамға жуықтады

Естеріңізде болса, сағатына 170 шақырым жылдамдықпен соққан жел Африканың үш мемлекетінде ойран салған еді.

Атап айтқанда, жағалаудағы Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдері алапат дауыл астында қалды. Әсіресе Мозамбиктің Бейра портына келген шығын орасан зор. Циклон кесірінен портты қаланың 90 проценті жойылды. Үйлер қирап, электр желілері үзіліп, ағаштар тамырымен жұлынған.

Ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ел аумағында төтенше жағдай жарияланды.