27 Наурыз, 2019

«Doing Business» рейтингісіндегі нәтижеміз Алматыда талқыланды

425 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҰКП және «Алматыны дамыту орталығы» АҚ өкілдері шетелдік және отандық кәсіпкерлермен бірге Қазақстандағы бизнес климатты жақсарту мәселелерін сөз етті. 

«Doing Business» рейтингісіндегі нәтижеміз Алматыда талқыланды

2017-2018 жылдар аралығында Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанда бұрын-соңды болмаған түбегейлі реформаларды жүргізген болатын. Үкімет қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсаттама жүйесін жетілдіру, бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқарып, нәтижесінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кіріп, 28 орынға тұрақтады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті қаланың бизнес-қауымдастығын Бүкіләлемдік банктің «Doing Business» рейтингілік сауалнамасына белсенді түрде қатысуға шақырды. Бұл үшін бар болғаны doingbusiness.gov.kz сайтына тіркеліп, мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі туралы сұрақтаға жауап беру қажет. «Бұл республикадағы бизнес-климатты, елдің имиджін көтеру үшін ғана маңызды емес, сонымен бірге, әр жеке кәсіпкер үшін де маңызды. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатқанда, оларға неліктен сізбен жұмыс істеуі керек екенін түсіндіріп жатпайсыз. Жалпыға қолжетімді әлемдік рейтінгідегі елде бизнес жүргізудің жеңілдігін айшықтап тұрған елдің деңгейін көрсетсеңіз де жеткілікті болады», – дейді Грузиядан келген сарапшы, Reformatics консалтингтік компаниясының директоры Вахтанг Лежава.

 Вахтанг Лежава  келісімшарттарда шетелдік кәсіпкерлер бірінші кезекте жалпыға бірдей қол жетімді әлемдік рейтингтегі деңгейіңе басымдық беретінін тілге тиек етіп өтті.  «Мемлекет –ағза, бизнес климат оның денсаулығын емес, дене қызуының қандай екенін көрсетіп тұратын барометр. Қазақстан үкіметінің осы салаға басымдық бере бастағаны көп ұзамай нәтиже береді деп ойлаймын », -деп айтып өтті халықаралық сарапшы. 

Вахтанг Лежава  халықаралық рейтингтегі деңгейді жоғарылату Қазақстан заңнамалық тұрғыда дайын екенін айтып өтті.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры  Асланбек Жақыпов бизнесті дамыту үшін нақты жағдайды іс жүзінде жақсарту бағытталған жұмыстар Үкіметтің қабылдаған шараларымен шектелмейтінін айтты. Министрлік жүргізген  сараптамаға сәйкес, соңғы сегіз жылда кәсіпкерлерді тексеру 5 есеге азайды. Егер 2010-2011 жылдары бұл көр­сеткіш 500 мың болса, қа­зіргі таңда 100 мыңға дейін азайып отыр.

Асланбек Жақыповтың айтуынша, бизнес өкілдеріне жүктелетін ауыр міндеттердің бірі – мемлекеттік мекемелер сұрататын ақпараттың көптігі. Қазіргі таңда заңнамаға сәйкес кәсіпкерлердің мойнында 1624 ақпараттық жауапкершілік бар, болашақта ведомство бұл көрсеткішті азайтуға барын салмақ.  Ол кәсіпкерлер тапсыратын есептің қайталанып берілетінін де айтып өтті.  Себебі сараптама барысында статистикалық есеп пен мем­­лекеттік органдарға бері­летін есептің арасында айыр­­машылық жоқ екендігі анықталған. Кейбір есеп­терді egov.kz электронды базасы арқылы алуға болса, қосымша ақпаратты сұратудың қажеті жоқ.

Қазіргі таңда 77 заң мен 747 заңға қосымша актіде бәсекелестікті қиындататын нормаларға тексеру жүргізген.  Нәтижесінде 2165 ереже бәсекеге кедергі келтіретіні анықталды.

Айта кетерлігі, кедергілердің 45-і екіден артық мүше мемлекетте қолданылады, тоғызы– Ресейде, бесеуі – біздің елде, алтауы – Беларусьте, үшеуі – Қырғызстан, екеуі Армения аумағында.

 «Қазақстан өзіндегі іскерлік ахуалды жақсартуға мықтап ден қойғанын және осы іске шын берілгенін жыл өткен сайын табанды түрде дәлелдеп келеді. Бұған сүйсінбеу қиын. Бұдан қарапайым халық та ұтады. Себебі, ел Үкіметі экономиканың ұстыны болып табылатын жеке сектордың дамуы үшін өте берік базаның іргесін қалауда. Республиканың бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша әлем­дегі жетекші елдердің «отыздығына» кіруі енді одан осы бағыттағы жұмыстарды  жалғастыруы үшін бұрынғыдан да батыл реформалар жүргізуін талап етеді,– деді халықаралық сарапшы Вахтанг Лежава.

Мемлекеттік құзырлы орындардың өкілдері мен саларшылар кездесу шеңберінде «Несие алу», Миноритарлы инвесторларды қорғау» және «Энерго көздерімен қамтамасыз ету » индикаторларындағы позициямызды жақсарту туралы өз ойларын ортаға салды. Себебі біздің  бұл бағыттағы рейтингіміз әзірге мәз емес.  

Гүлбаршын САБАЕВА,                                                                        

 «Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ