27 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Төтенше және Өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты.