27 Наурыз, 2019

Қарағанды облысының демократиялық күштерінің коалициясы елорда атауының өзгертілуін қолдады

455 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағандыда Достық үйінде «Қазақстан – 2050» Демократиялық күштердің Қарағанды облыстық коалициясының отырысы өтті. Қатысушылар Астана атауының өзгеруін талқылады және қолдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысының демократиялық күштерінің коалициясы елорда атауының өзгертілуін қолдады

Отырысқа «Nur Otan» партиясының және басқа да жетекші саяси партиялардың өкілдері, Демократиялық күштердің өңірлік Коалициясының мүшелері, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, кәсіпкерлер, ҮЕҰ қызметкерлері және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Жиналғандар Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы айтты. Демократиялық күштердің өңірлік коалициясының Астананы қайта атау туралы үндеуі талқыланды.

- Біз сіздермен бірге елімізде болып жатқан тарихи оқиғалардың куәгерлері болып табыламыз. Елбасы Президенттік өкілеттігін доғарды, алайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлт көшбасшысы, мемлекетіміздің негізін қалаушы болып қала береді. Елдің барлық жетістіктері бірінші кезекте оның есімімен байланысты. Бүгін біз елордамызды Нұр-Сұлтан қаласы деп атауын өзгертуге қолдау көрсету үшін жиналып отырмыз, - деді «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің өңірлік коалициясының отырысын аша отырып.

Қатысушылар Астананың атын өзгертуді бірауыздан қолдады. Олар тәуелсіз Қазақстанның жас астанасының пайда болуы мен дамуы бүкіл мемлекеттің саяси өсуі мен экономикалық дамуы үшін үлкен серпін болғанын атап өтті. Астананың Нұр-Сұлтан болып қайта аталуы әбден заңды және негізді, себебі ол Тұңғыш Президенттің есімімен байланысты.

- Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қазір осы шешімді қолдап, бірігіп отыр. Қайта атау барлығымыз үшін біріктіруші сәт болды. Бұл Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін береді, - деп атап өтті «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы» облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Серғазы Әдекенов.

Ол сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары өңір тұрғындарымен кездесулер өткізіп жатқанын мәлімдеді. Халық бұл саяси шешімді қолдайды және дұрыс деп санайтынын атап өтті.

- Бүгінгі кездесу өте маңызды, - деді «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» ҚБ төрағасы, ҚХА мүшесі Вилен Молотов-Лучанский. - Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік жылдар аралығында жасағаны - бұл біздің еліміздің берік іргетасы. Елбасы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында адамдар өз тамырын білуі керек, бірақ сонымен қатар болашаққа қарау керек деп айтқан болатын. Біз Астанаға дамып келе жатқан Қазақстан туралы арманымызды салдық, ол Мәңгілік ел туралы арманымызды бейнелейді. Астана Нұр-сұлтан деп аталуы керек.

Отырыс қорытындысы бойынша Коалиция мүшелері елорданың атауын өзгертуді бірауыздан қолдап, Үндеу қабылдады.