28 Наурыз, 2019

Ұлттық руханиятты ұлықтаған министр

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы суретті көрген сайын, кешегі кемел кемеңгерлердің кісілік келбетіне сүйсініп қана қоймай, олардың атқарған елеулі еңбектеріне деген құрметің одан сайын арта түскенін аңғарасың. 

Ұлттық руханиятты ұлықтаған министр

Жарқын да жылы бейнелерге қарап отырып, өткен ғасырдың дәл ортасында, нақты айтар болсақ 1955 жылдары омырауында республика Жоғарғы Кеңесі депутатының белгісі бар ҚазКСР Мәдениет министрі Ілияс Омаровтың ұлттық өнеріміздің абыройын асырып, бүкіл Одаққа танымал майталмандардың сурет көрмесін ұйымдастырғаны есімізге түседі. 

Суреттен көріп отыр­ған­дарыңыздай, олардың ара­сында заңғар жазушы, Ле­ниндік сыйлықтың иегері Мұх­тар Әуезов, талантты ақындар Әбділдә Тәжібаев пен Диқан Әбіловті анық бай­қауға болады. Әлбетте, ұлы Мұқаңдардың бей­не­сін болашақ ұмыта қоймас, мәселе осынау тұл­ға­лар­дың талантын тап басып та­нып, шығармашыл жан­дар­­дың шындық үшін шы­рылдаған бозторғай үнін бірден түсінетін Ілияс аға Омаровтай билік өкілінің бейнесі мен берекелі істерін бүгінгі жас­тарға үлгі еткіміз келеді.

«Өмірде креслоны көр­кейтетін адамдар бола­ды, кресло арқылы өзін көр­кей­тетін адамдар болады» деп Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов бағалағандай, Ілияс аға министр креслосын көркейтіп, һас таланттарды үнемі танып, қолдап отырған. Аралдың құм басқан шөлді ауылында туып, шұрайлы шы­ғарма жазып жүрген жас талап Зейнолла Шүкіровтің жыр жолдарын баспасөз беттерінен тамсана оқыған бойда Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетовке қоңырау шалып: «Осы балаға көз қырыңды сала жүргейсің!» деуінің өзі неге тұрады? Сырлы суретке зер салған сайын, Ілиястай аза­маттардың алаш баласына деген ақжолтай жылы тілек­терін іштей сезініп, терең ойға шомасың...

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері