28 Наурыз, 2019

Алматы мен Астанаға көлікпен кіру ақылы болады

458 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қаланың қоғамдық кеңесі отырысында мәлім етті» деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз бөлімі.

Алматы  мен Астанаға  көлікпен кіру ақылы болады

Қазір әкімдік кіші айналма жолының құрылысымен айналысуда, ал үкімет – қала сыртындағы Үлкен Алматы айналма автожолының (БАКАД) құрылысын қолға алуда. «Биыл мамырда БАКАД құрылысы басталады. Бұл аса ірі жоба, министрліктің ірі көліктік жобасы. Ол айналма жолы қала көшелеріндегі автокөлікті орта есеппен 12-15 пайызға азайтады. Қазір қалада күніне 850 мың автокөлік жүреді, бір БАКАД есебінен трафикті 100 мыңға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазір Райымбек пен Рысқұловпен жүретін үлкен жүк көліктеріне де қатысты, олар БАКАД-пен жүретін болады. Ия, БАКАД ақылы болады», – деп атап өтті Әукенов.

Кіші көліктік айналма жолы есебінен қалаға түсетін салмақты 12% азайту көзделген. Қазір Алматыда ондаған жолайрықтар салынған, БАКАД пен кіші айналманы байланыстыратын төрт радиалды бағыт түсетін болады. Әукеновтың айтуынша, Алматыдағы көлік реформасының нәтижесі ретінде қалағы кіру ақылы болуы тиіс. «Бүкіл әлемде барлық көліктік реформалардың ақырғы нәтижесі қашан да қала кіруді ақылы етумен тынады. Барлық қалаларда – Дубай, Барселона, Париж, Лондон, Мадрид болсын – бәрі осыған тіреліп отыр. Қалаға көлікпен кіруді шектеу мәселесі. Одан басқа ешқандай жүйелі шешімді ешкім әлі таба алмады. Алматыға кіру ақылы бола ма? Меніңше, біз де түптің түбінде осыған келеміз. Бұл қаладағы көлікті тағы 30% азайтуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Алматы дегеніміз – 850 мың автокөлік. Оның 550 мыңы Алматыда тіркелсе, қалғаны күн сайын қалаға сырттан кіріп-шығатын көлік. Қазіргі міндет – жол айрықтарын салу мен жолдарды ұзарту. Үкіметтен қолдау таптық, бөлінген қаражаттың белгілі бір бөлігі жер телімдерін сатып алуға жұмсалуда. Алдағы екі-үш жылда біз қалаға түсетін көліктің салмағын кемінде 30%-ға азайту мәселесін шешеміз», – деп қосты ол.

Бұған дейін  Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар бұл жөнінде нақты тапсырма болмағандықтан, мегаполиске кіру жақын арада ақылы бола қоймайтынын айтып келген еді. Дегенмен, идеяның өзі билік өкілдеріне ұнайтыны 2018 жылдың соңында белгілі болған.  Олар бұл ұстанымын «халықаралық тәжірибеге негізделген мұндай тәсіл, көлік ағынын реттеп, жеке көліктен түсуге септігін тигізеді» деп түсіндіріп келген. Осыған дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, Алматыға ақылы кіру болады. Алматы Ішкі Істер Департаментінде оңтүстік астанада 543 554 көлік құралы саналып отыр. Жылына қалаға 200 мыңдай көлік кіреді деп анықталып отыр. Айта кетер жайт, Алматыға кірер жолды ақылы ету туралы идеяның туындағанына бірнеше жыл болған. Соңғы ұсыныстардың бірі Әл-Фараби, Достық, Рысқұлов және Саин көшелерінің бойымен өткен көліктерден мәлімет оқитын аркалар орнату болатын. Алайда бұл жоба талқылаудан әрі асқан жоқ еді. Ұсыныстың қолдауға ие бола салысымен жүзеге асатыны бүгін белгілі болып отыр.

Кірі беріс жолдарды ақылы жолға айналдыру мәселесі Нұр-Сұлтан қаласы үшін де   өзекті.

Әкімдіктегілер дайындап жатқан жобасын 2019 жылдан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр.  Жоба жүзеге асса, жұмысқа баратын таңғы және қайтатын кешкі уақытта Қорғалжың тас жолы мен Қосшы селосы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау бағыттары бойынша қалаға кіретін автокөлік жүргізушілері ақы төлейтін болады. Кіру ақысының қанша болатыны белгісіз, жобаны жетілдіріп жатқан шенеуніктер әлі есептемеген. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Д.Дживагоның бұл жобаны «адам құқын бұзуға жасалған жоба» деген сынына  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері «ақылы кіруді енгізгеннен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері бұзылмайды» деп жауап берді.

Бұл жобаны әзірлеген кезде  Лондон, Стокгольм, Сингапур, Болонья, Милан секілді әлемдегі ірі қалалардың іс – тәжірибесінің алынғанын айтты.

Гүлбаршын САБАЕВА,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ