Мен, репрессияға ұшыраған «халық жауы» балаларының, келіндерінің соңғы ұрпақтарының бірімін. Туып-өскен жерім – Қызылорда облысының Арал ауданы. Жасым 82-ден асты. Теледидар алдында отырып Елбасының мәлімдемесін, оның сабыры мен түр-тұлғасын зерделеп отырдым.

Өкілеттілікті өз еркіңмен тоқтату оңай шешім емес. Ол парасат биіктігінің, ерік-жігері мықтылығының, халықтың қамқоршысы екенінің айғағы. Ой-санам артта қалған жылдардың соқпақтарын аралап кеткенде көшіп-қонған елдей болдым. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылдағанда да алғыс білдіргенмін.
Менің әкем – Лекеров Көбеген Арал ауданында колхоз төрағасы болып қызмет атқарып тұрған 1937 жылдың қараша айында Мұса Дайрабаевпен бірге Ақтөбе облыстық НКВД үштігінің қаулысымен біреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі ату жазасына кесілген болатын. Ал атам (жұбайымның әкесі) Балапан Ақжанов 67 жыл ғұмырының 22 жылын Ресей Сібіріндегі «халық жауларына» арналған лагерьлерде өткізген.1959 жылы Тайга колониясынан елге келіп, 10 жыл Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің көз қырында болып өмірден озды. Ол кісінің зайыбы – Зейфун ханым (енем) «халық жауының» әйелі болғаны үшін қуғын-сүргін зардабынан 28 жасында өмірден өткен. Жұбайым – Нәби Балапанов (1928 ж.) балалық шағын «НКВД балалары» таңбасы таңылған, халқы үшін құрбан болған «халық жаулары» балаларымен бірге балалар үйінде өткізген. Ресейдің Пермь қаласынан 1952 жылы елге оралған. Олар бұл күнге жетпегенімен елінің болашағына сенді. Бүгінгі таңда ақталған, «саяси қуғын-сүргін құрбандары» деген мәртебе берілген ХХІ ғасырдың рухы биік азаматтары.
Олар елді басқарып, халқына қызмет ететін ұрпақты армандады. Ол бақыт бізге бұйырды. Нұрсұлтан Әбішұлының: «елімді тәуелсіз етем, болашақ ұрпақтың бақытына жол салам», – деген Алаш азаматтарының армандарын орындағаны үшін ризамын.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жариялап, іске қосып, қысқаша айтқанда «қазақ халқының өшкенін жандырып, кеткенін келтіргені үшін», ата-бабалар аруағы риза болар.
Елбасының тәжірибесі мен сіңірген еңбектері арқылы мемлекетті биік мақсаттарға бастады. Осы сәтте Елбасының қызметтен кетуінің өзі ісін жалғастырар азаматтардың бар екендігіне сенгендігінен болар деп ойлаймын.
«Өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді», – деген жан толқытып, жүрек тербеген сөзін қимастықпен қайталай отырып, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру үшін жасаған еңбегі жемісін бергей деп тілеймін.
Кулпаршын БАЛАПАН,
Атырау
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар