MY WIN жобасы Алматы триатлон федерациясының қолдауымен Champіon жеке қайырымдылық қорымен амалға асырылуды.
– Бұл шараның мақсаты – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға спорттық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін тудыру болып отыр.
Осы арқылы олар қоғамға қажеттілікті сезініп, өзіне сенімді болып өседі. 2018 жылы осы жобаның екі кезеңін өткізіп үлгірдік. Үш ай бойы, күн сайын бапкерлеріміз – Евгений Азарьев (жүзуден ҚР СШ, Ironman), Дмитрий Хан (жүзуден ҚР СШ, Ironman), Александр Мен (жүзуден ҚР СШ) – балаларға тегін түрде триатлонның қыр-сырын үйретті. Біз екі чемпионат өткізіп, осы жарыстардың қорытындысы бойынша барлық балалар (әрбір чемпионатта 120 баладан) жүлделерге ие болды. Жеңімпаздар велосипедтерге ие болды әрі жазғы сауықтыру лагерлеріне барады, – дейді Champ1on қорының президенті Любовь Пак.
Биылғы жылы бапкерлер құрамы тағыда төрт триатлон шеберімен толықты. Балаларға көмек көрсетуге World Class Almaty бапкерлері өздігімен қосылды. Бұлар – жүзуден халықаралық деңгейдегі спор шебері Юлия Синицына, су добынан спорт шеберіне үміткер Эдуард Сафиуллин, велоспорттан спорт шебері Никита Федотовских және синхронды жүзуден спорт шебері Аяулым Маштиева.
Жаттығуларға үш балалар тобы – №1 есту және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған арнайы жалпы білім-беру мектебінен 42 бала, Алматы облысының №1 балалар үйінен 35 бала және №17 Алматының тұрмысы төмен жанұяларының балалары үшін мектеп-интернатының 40 тәрбиеленушілері қатысуда.
Кішкентай атлеттер 24 мамырға дейін жаттығатын болады. Содан кейін олар акватлон және триатлон жарыстарына қатысады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ