29 Наурыз, 2019

Қызылордада мал құжатсыз тасымалданбайды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада мал ұрлығына қатысты «Соғым» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Қызылордада мал құжатсыз тасымалданбайды

Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжатсыз мал әкелу фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін сауда орындарында рейдтік іс-шараларды өткізді.

«Рейд қорытындысы бойынша 26 автокөлік тексерілді. Қызылорда облыстық полиция басқармасының бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады» - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы