29 Наурыз, 2019

Теміржол тасымалы тиімділігін арттыру логистикалық климатты жақсартады

1362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің «Doing Business» рейтингі индикаторлары көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспары шеңберінде өткізген Алматы қаласы кәсіпкерлерімен болған кездесуге қатысты.

Теміржол тасымалы тиімділігін арттыру логистикалық климатты жақсартады

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ маркетинг және сервисті дамыту департаментінің директоры Эміл Махмұдов «Doing Business» рейтингінің «Халықаралық сауда» көрсеткіштері және LPI логистикасының дамыту индексін арттыру, логистикалық климатты жетілдіру бойынша Компанияда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат бере кетті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ салалық министрліктер және жүкжөнелтушілермен бірлесе технологиялық процестерді оңтайландырса, бұл жүкжөнелтушілердің қаржылық шығының және бірқатар жүктерді экспорттау уақытын қысқартты.

Тасымал процестерін трансформациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – тасымал құжаттарын рәсімдеу ережесін, оларды мақұлдауды жеңілдету.

Бизнес-процестерді жүргізуді жақсарту үшін тасымалдау қызметтерінің тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін КРІ орнатылған.

«Шарттық және коммерциялық жұмыс» (ШКЖ АБЖ) автоматтандырылған басқару жүйесінің енгізілуі клиенттермен жұмыс процесін жеңілдетті және уақыт қысқартты.

Қазіргі кезде электронды тасымал жүкқұжаттарды рәсімдеу 456 станцияда жүзеге асырылады. Республикаішілік қатынаста «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі барлық бос вагондарына қағазсыз технология бойынша электронды тасымал құжаттарын рәсімдеу басталды.

Әзірбайжан мен Қырғызстан темір жолдарымен қағазсық жүк тасымалын және ақпараттармен алмасу туралы келісімге қол қойылды. Электрондық жүкқұжатының көлемінің мәлімттерін аударымы бойынша сынақ жұмыстары өткізілді.