30 Қараша, 2012

Сарапшылар не дейді?

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарапшылар не дейді?

Жұма, 30 қараша 2012 7:23

Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші Владислав Челах­тың ісі бойынша сот талқылауы жал­ғасуда. 29 қарашада сот сотталу­шы­ның адвокатына өз қорғауындағы адаммен кездесіп, оның процеске қатысқысы келетіндігін білу жөнінде кезекті мүмкіндік берді. Жария­лан­ған үзілістен соң Серік Сәкенов сотқа В.Челахтың бұрынғысынша сот­талған­­дар камерасынан шығудан бас тарт­қа­нын, сот іс бойынша бар­лық айғақ­тарды зерттегеннен кейін ғана өзінің мәліметтер беретінін хабарлады.

Осыдан кейін сот сарапшылары Наталья Готовко мен Серік Қарсы­баев­тан жауап алды. Алғашқы сарапшы тергеу кезінде Челахтың камераластарымен әңгімелесіп, өзі жасаған қылмыстарды егжей-тегжейлі баян­даған бейнежазбаға фоноскопиялық сараптама жасаған. Сотта Н.Готовко жазбадағы дауыстың шынымен сот­талушының дауысы екенін растады. Өрт-техникалық сараптама жаса­ған сарапшы С.Қарсыбаев сотта «Арқан­керген» бекетінде оқ-дәрілер жары­лысының болмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ сотта Алакөл АІІБ бас­­тығының орынбасары Рүстем Бек­баев айғақтар келтірді. Ол В.Че­лах­­­­­тың ұсталып, оқшаулағышқа қа­мал­ғаннан кейін-ақ өз еркімен кін­ә­сін мойындап келгені туралы жазып бергенін түсіндірді. Бұл ретте, куәнің айтуынша, сотталушыға еш­қандай психологиялық немесе физи­калық қысым жасалмаған.

Тыңдау барысында адвокат С.Сәрсенов өз көңіл-күйінің нашарла­­ғанын хабарлап, істі тыңдауды ке­­йінге қалдыру жөнінде өтініш айтты. Сот өтінішті қанағаттандырып, адвокатты отырысқа келіп, өз денсаулығы туралы хабарлауға міндеттей отырып, істі тыңдауды 14-30-ға дейін ке­йінге қалдырды. Дегенмен, Сәрсе­­нов сот процесіне сол күйі келген жоқ.