Қазақстан • 30 Наурыз, 2019

Қазақстанда АИТВ-ахуалды жасөспірімдерге арналған алғашқы мектеп ұйымдастырылды

1103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда АИТВ-ахуалды жасөспірімдерге арналған алғашқы мектеп ұйымдастырылды

Қазақстанда АИТВ-ахуалды жасөспірімдерге арналған алғашқы мектеп ұйымдастырылды

25-29 наурызда Түркістан облысының көрікті жерінде еліміздің барлық аймағынан АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниясының Janssen қолдауымен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен «Қоғамдық денсаулық ассоциациясы» ЗТБ ұйымдастырған көшбасшылықтың алғашқы қазақстандық мектебіне қатысты.

Топтардағы сабақтарды тәжірибелі психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері жүргізді.       Жаттықтырушылыққа Украинадан келген АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер шақырылды. Олар өз тәжірибесіндегі АИТВ-статусының растығын қабылдау, өзін өзі қор сезінуді жеңу мен жастар үшін қоғамдық ұйымдарды құру туралы «тең-теңіне» қағидасы туралы баяндады.

– Мұндай мектепті қолға алудағы мақсат – көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыру үшін алдымен аймақтан келген жасөспірімдерді таныстыруды көздейді. Және бұл жасөспірімдеді ересек өмірге бейімдеу, ішкі әлеуетін арттыру, психоэмоционалдық тұрақтылығын нығайту да аса маңызды. АИТВ-мен өмір сүру туралы білім деңгейін арттырып, емге жоғарғы бейілділікті қалыптастырып отыру қажет, – деді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Жасөспірімдер ұстаздарымен бірге бес күн білімдерін толықтырып, АИТВ-мен өмір сүру, кемсітушілік пен өзін өзі кемсітуді жеңу, антиретровирустық терапияға бейілділік  дағдыларын жақсартты.

Кешкі уақыттарда балалар спорттық ойындарға, шығармашылық үйірмелерге, факультативтер мен викториналарға қатысты. Белсенді оқушылар сыйлықтарға ие болды. Балалар оқыды, ойнады, сурет салды, моншақ тоқу өнерін меңгерді. Ең бастысы жаңа достар тапты.

– Көшбасшылықтың мұндай мектептері АИТВ жұқтырған жасөспірімдер үшін өте маңызды. Атап айтқанда, осында АИТВ-инфекциясына байланысты қорқыныштар мен уайымдарымыз туралы ашық айта аламыз. Әрқайсысы бір біріне қолдау көрсетуге ықыласты. Кейде даулассақ та, өзімізді толғандырып жүрген мәселелерге жауаптар аламыз. Содан кейін әрине, демалысты жақсы өткіземіз, – дейді өзінің оң АИТВ-ахуалын Қазақстанда бірінші болып ашық жариялаған жасөспірім Бауыржан Байдуллаев.

Енді еліміздегі АИТВ жұққан жасөспірімдерге арналған көшбасшылықтың көктемгі мектебі жыл сайын өтеді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ