Баланың құқы үлкендермен бірдей
Сәрсенбі, 28 қараша 2012 7:16
Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туған кезінен бастап есім иеленуге және азаматтық алуға, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына құқығы болады. Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы мәліметті Туу туралы актілер жазбалары кітабына тіркеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері баланың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-анасының қай ұлтқа жататынын көрсетуге тілек білдірсе, онда баланың туу туралы акт жазбасында ата-анасының – Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі. Шетелдік болып табылатын ата-ананың қай ұлтқа жататыны туралы мәлімет оның ұлттық паспортына сәйкес көрсетіледі. Шетелдік ұлттық паспортында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде, оның ұлты өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін.
Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлі болса, балаға жеке куәлік немесе паспорт берілген кезде оның тілегі бойынша әкесінің немесе шешесінің қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша тек қана ата-аналарының екіншісінің ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Айнагүл БЕГАЙДАРОВА,
Алматы аудандық АХАТ бөлімінің
инспектор тіркеушісі.
АСТАНА.