Іс материалдары зерделенуде
Сейсенбі, 27 қараша 2012 7:13
Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Е.Ахметжановтың төрағалық етуімен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігі «а,в,д,к,н» тармақтарымен, 175-бабының 2-бөлігі «в,» тармағымен, 172-бабының 1-бөлігімен, 175-бабының 2-бөлігі «б,в,» тармақтарымен, 255-бабының 3-бөлігі «а» тармағымен, 251-бабының 1-бөлігімен, 387-бабының 2-бөлігімен, 373-бабының 2-бөлігімен, 145-бабының 2-бөлігімен айыпталған В. Челахқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы жалғасын табуда.

26 қарашада сот отырысы басталысымен судья сотталушының қорғаушысы С.Сәрсеновке өз қорғауындағы сотталушының сот мәжілісі залына қатысатынын не қатыспайтынын анықтауға мүмкіндік берді. Қорғаушы В.Челахпен кездесіп, оның қорғауындағы сотталушы әлі де камерадан шығудан бас тартатыны жөнінде мәлімдеді. Осыдан кейін сот мәжілісі сотталушының қатысуынсыз қайта жалғасты.
Сот қылмыстық іс материалдарын әрі қарай зерделеуге ауысып, «Арқанкерген» бекетінде орын алған қылмыс белгілі болысымен, шұғыл-тергеу тобымен оқиға орын алған жерде жүргізілген бейнежазба көрсетілді.
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.