Аймақтар • 01 Сәуір, 2019

Алматының үздік дауысы анықталды

680 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жыл сайын жас өрендердің басын қосатын «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымы Алматы қаласынан бастау алды. Оқушылар сарайында өткен іріктеу кезеңінің сайысына 600-ден астам бала қатысты. Ауқымдылығы артып, қанат жайып келе жатқан байқаудың биылғы жаңалығы көп. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы болып саналатын еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Алматының үздік дауысы анықталды

Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта талап-қабілеттерін дамытуға көмектесу. Байқаудың бірінші маусымынан бастап балабақша мен мектептерге кеңінен тарап кеткен 56 жаңа ән жазылды, іріктеу кезеңдеріне                     20 156 бала қатысып, телевизиялық эфирлерде 12 концерттік шоу, 24 күнделік, 128 бейнеролик көр­сетілді. «Бала дауысының» көпте­ген түлектері қазіргі таңда «Жан­дану әлемі» қорының қолдауымен музыкалық мектептер мен колледж­дерде тәлім алуда. Байқаудың ірік­теу кезеңдерінің еліміздің бар­лық өңірлерінде өтуі «Бала дауы­сының» бірегейлігі болып табылады.

Алматы қаласының әнші балалары асыға күткен байқаудың биылғы іріктеу сынына жастардың сүйікті әншісі Әли Оқапов пен заманауи музыка сарапшысы, әнші Фарида Ниязова тәлімгерлік жасады. Таудай талаппен келген әр бала өзінше дарынды да. «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ұйымдастырушысы Толғанай Хасе­нованың айтуынша, биылғы байқау жаңа форматта өтеді. Бақ сынайтын балаға да, бәйгеге баптап қос­қан ата-анаға да қобалжудың қа­жеті жоқ – байқау ашық әрі әділ жүргізіледі. Басты шарт – осы. Ірік­­теу сынында әр бала өзінің во­калдық қабілетін көрсететін және қалаған тілдегі үш әнді шырқайды. Жалпы, шығармашылық топ 29 нау­рыз бен 22 мамыр аралығында 8 және 12 жас аралығындағы нағыз таланттарды таңдайды.

«Бала дауысы» сияқты рес­пуб­ликалық деңгейдегі ән бай­қауы­ның болуы кішкентай өрен­дер үшін маңызды әрі қажетті. Се­бебі болашақта музыка бағы­тын таңдайтындар балдырған күні­нен тәжірибе жинақтап, түрлі да­йындық сатыларынан өтеді. Мұн­дай жобалардың түйіні – таны­малдылық. Кішкентай әншілер де­генімізбен, бұл – шығармашылық, бұл – музыка, бұл –  өнер. «Бала дауысы» жобасына биыл үшінші жыл тәлімгерлік жасап отырмын. Өткен жылдары Орал және Қызылорда қалаларындағы байқауда тәлімгер болғанмын. Бұдан бөлек «Голос – дети Казахстана» жобасында да қазылық жасаған болатынмын. Сол себепті қабілетті баланың дауысын танып, өнерін бағалауда тәжірибем бар. Әрине, біз үшін баланың дауыс қуаттылығы, орындау шеберлігі, жалпы вокалдық қабілеті басты мәселе. Дегенмен бұдан бөлек ба­ла­ның көрерменнің көзайымына айнала алатындай сүйкімділігі де болуы керек. Мыңның, мил­лионның жүрегін жаулап алу оңай емес, жасына қарамастан әншінің сахнаға деген іңкәрлігі, ән салуға құштарлығы, жігері, әдемі қимыл-қозғалысы, артистизм, осының бәрі де бойынан көрініп тұруы тиіс. Әр баланың тек өзіне тән қайталанбас ерекшелігі болады. Біздің міндет – сол ерекшелікті тану», дейді тәлім­гер Әли Оқапов.

Таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін тапжылмай отырып, талапкерлер арасынан үздік дауыстың иесін тану Әли мен Фаридаға оңайға соқ­қан жоқ. Күнұзақ жүргізілген кас­тинг нәтижесінде Алматы қала­сының ең үздік  әншісі деп 10 жас­тағы Мирас Максимов таныл­ды. Жобаның ақтық сынына Алматы қала­сының атынан жолдама ал­ған ол еліміздің барлық облыс орта­лықтары және Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалаларынан жүйрік шыққан 17 ең үздік ба­ла­ның қатарында байқаудың супер-мәресінде ән шырқайды. Ми­расқа таңдау білдірген Ә.Оқа­пов оның болашақта отандық сах­наның лайықты мақтанышы бола­­­тынына сенім білдірді. Ақ­тық сында бал­дырғандарды қа­­зылар құрамына кіретін қазақ эс­традасының әйгілі жұлдыз­да­ры, танымал продюсерлер мен хорео­графтар күтеді. Ірік­теу­ге кел­ген әрбір бала естелік сый­лық­тар мен дипломдарға ие болып, байқаудың күнделіктері түсірі­лі­міне қатысады. Балалардың ата-аналары мен тәлімгерлері де шетт­е қалмайды, олардың қа­лауы­мен бал­дырғандардың шығар­ма­шылығын дамыту бойынша ше­бер­лік сағаттары және бала пси­хо­логиясы мәселелері бойынша кеңес­тер өткізіледі.

Күз айында өз өңірінде үздік деп танылған еліміздің ең мықты 17 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатаудың баурайында ор­наласқан «Бөбек»  ұлттық орта­лығында бас қосады. Мұнда же­ңімпаз балаларды күнделікті кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер байқаудың ақтық сынына, телевизиялық түсірілімдерге  дайындайды.

24-26 қазан аралығында Алматы қаласының Республика сарайында өтетін «Бала дауысының» ақырғы мәресінде байқау аясында жазылған жаңа әндер шырқалып, «Балалық шақтың мейірімді ғаламшары» атты спектакль-мюзиклдің тұсау­кесері өтеді. Көрермендер ақ­тық сынға дейін жеткен өнерлі ба­ла­лардың қатысуымен өтетін қай­та­ланбас шоудың куәгері бола ала­ды. Байқаудың барлық соңғы кезең­дерін кәсіби қазылар алқасы және онлайн-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық қатысушылар арнайы сыйлықпен марапатталып, ең үз­дік деп танылған дауыс иесі елі­міздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  мемлекеттік грант және Париждегі ертегі әлемі Дис­нейлэндке саяхат жасауға жолдама алады.

 

      АЛМАТЫ