07 Қаңтар, 2012

Төтенше жағдай қолданылған жерде сайлау өткізілмейді

406 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай қолданылған жерде сайлау өткізілмейді

Сенбі, 7 қаңтар 2012 8:02

Кеше Конституциялық Кеңес Ор­талық сайлау комиссиясының Маң­ғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәсе­ле­лер бойынша жол­даған сұрақтарына сай түсін­дірме берді.

 

Сенбі, 7 қаңтар 2012 8:02

Кеше Конституциялық Кеңес Ор­талық сайлау комиссиясының Маң­ғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәсе­ле­лер бойынша жол­даған сұрақтарына сай түсін­дірме берді.

«Қазақстан Республикасының Кон­с­титуциялық Кеңесі туралы» Конс­титуциялық заңның 35-бабына сәй­кес, Конституциялық Ке­ңес­тің қоры­тынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адам­дар­дың өтініштері бойынша Конс­титуциялық Кеңес өзінің бұрын қабылдаған шешіміне тү­сіндірме беруі туралы қосымша шешім қа­был­дайтыны белгілі. Олай дейтіні­міз, Конституциялық Кеңес сайлау ұй­ым­дастыру және өткізу мәселе­ле­ріне, сондай-ақ сайлау ко­миссияларының қызме­тіне қатысты бірқатар қаулы­лар  қабылдаған еді. Мәселен, солар­дың бірі 2004 жылы сәуір айында Мемлекет басшы­сы­ның өтініші бойынша қаралып, бұл өтініште Парламент қабылдаған «Қа­­зақ­стан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Конс­титуциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конс­титуциялық заңның Ата Заңға сәй­кестігі туралы мәселе қойылған болатын. Сөйтіп, Конс­ти­туциялық Ке­ңес­­тің қаулысымен бұл Негізгі Заңға сәйкес деп танылғаны да белгілі.

Демек, енді мерзімі Маң­ғыс­тау облысының Жаңаөзен қала­сында ен­гізілген төтенше жағдай режі­мі­мен тұспа-тұс келген бе­сінші сайланатын Парламент Мә­жілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауын және мәсли­хаттар депутаттарының кезекті сайлауын дайындау үдерісі Конс­ти­ту­циялық Кеңестің аталған қаулы­сын қолданар кезде Орта­лық сайлау комиссиясында кей­бір құ­қық­тық ба­ғыттарды нақтылауды туындатты. Сондықтан Орталық сай­лау комиссиясы аталған қау­лыға тү­сіндірме беру туралы Конституция­лық Кеңеске қол­­дау­хат жолдады.

Онда: ел Конституциясы Маң­ғыстау облысының Жаңаөзен қа­ла­сында енгізілген төтенше жағ­дай кезінде өкілді органдарға сай­лауды дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты шектеулер қоюға жол бере ме? Конституция мен Консти­ту­ция­лық Кеңестің қаулысының мазмұ­ны­нан «Тө­тен­ше жағдай туралы» Заңға сәй­кес азаматтардың сайлау құқы­ғы­ның шектелетіні туындай ма? Конституция мен Конститу­ция­лық Кеңес қау­лысының мазмұ­нынан «Тө­тенше жағ­дай туралы» Заңның және Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­дентінің Маң­ғыс­­­тау облысының Жаңаөзен қа­ла­сын­­да төтенше жағ­дай енгізу және оның қолданысын ұзарту туралы Жар­лық­тарының не­­гі­зін­де Орталық сайлау комиссиясы еліміздің өкіл­ді органдарына депутаттар сайлауын Маң­ғыстау облы­сының Жа­ңа­өзен қа­ласында өт­кі­зуге құ­қы­лы еместігі туындай ма деген бірқатар сұрақтар қойылды.

Осы қолдаухаттағы сұрақтар­ды талдаған Конституциялық Ке­ңес бұ­ған өзінің түсіндірмесін жа­рия етті. Ел Конституциясы кез келген сайлау­ды, Парламент депутаттарының сай­лауын да, мәслихаттар депу­тат­та­рының сай­лауын да дайындап, өткізу жөніндегі шараларды іске асырумен байланысты шектеулерді заңмен белгілеуге жол береді. Не­гізгі Заңмен адамның және аза­мат­тар­дың құқық­тары мен бос­тандық­тары конститу­циялық құ­ры­лысты қорғау, қоғамдық тәр­тіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ха­лықтың ден­сау­лы­ғы мен иманды­лығын сақ­тау мақ­сатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шек­телуі мүмкін екендігі көзделген. Өйт­кені, мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау құқығы және сайлану құқығы абсолютті болып табылмайды және Консти­туция­ға сәй­кес заңнамалық жолмен шек­телуі мүмкін көрінеді. Міне, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы қойып отырған сұраққа қатысты Төтенше жағдай туралы заң осындай заң болып табылады дейді. Бұл заңда төтенше жағдай енгізілген жерде ол күшінде болатын бүкіл кезең ішінде сайлаулар мен республикалық референдумдер өткізуге тыйым салынған.

Конституциялық Кеңес Орта­лық сайлау комиссиясының елі­міздің өк­ілді органдарына депутаттар сайлауын Маңғыстау об­лы­сының Жаңа­өзен қаласында өткізе алуы туралы үшін­ші сұ­раққа байланысты да ке­ңінен түсіндірме берді. Аза­мат­тар­дың сайлауда еркін түрде өз қа­лау­ын біл­діруі, конституциялық құнды­лық ре­тін­де, тұрақты қоғамдық қау­іпсіздік пен құқық тәртібі жағдай­ын­да ғана қажетті бірқа­тар шаралар болғанда, солардың ішінде азаматтар өздерінің еркін жүріп-тұру, бір­лесу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу және тос­қау­ыл­дар­ға тұру, ақпарат алу және тарату немесе басқа да құқық­тарын тиі­сінше іске асыр­ған­да ғана шынайы түрде құралып, тиісінше білдірілуі және жүзеге асырылуы мүмкін көрінеді.

Ал бұл орайда мемлекет аза­мат­тар­дың сайлау құқығы жүзеге асы­рылуының тәртібі мен шарттарын айқындап қана қоймай, бұл құқығын өзге де конс­ти­ту­циялық құқықтары және бостан­дықтарымен бірге то­лық көле­мінде өздерінің жеке қауіп­сіз­дігі, сондай-ақ сайлаудың жария­лы­лығы мен бәсекелестігі жағдай­ын­да іске асыруын да қамта­ма­сыз етуге тиіс. Алайда, төтенше жағдай режімі кезінде жеке және заңды тұлғалар­дың бірқатар құ­қықтары мен бостан­дықтарына уақытша шек­­теу қолда­ны­латын жағдайда мұндай мақсат­тарға қол жеткізу өте қиын екен. Демек, төтенше жағдай қолда­ны­лып отыр­ған кезде ел азаматта­ры­­ның өз қа­лауын еркін білді­руін, конститу­ция­лық құ­қықтары мен бос­тан­дықтарын толық жү­зеге асыруын қамтамасыз ету мүм­кін болмауына байланысты Төтенше жағдай туралы заңда тікелей тыйым са­лын­ғандық­тан, төтенше жағдай ре­жімі қолда­ны­лып отырған жерлерде сайлау өткізілмейді, дейді Консти­ту­ция­лық Кеңес мүшесі І.Бақтыбаев.

Александр ТАСБОЛАТОВ.