Аймақтар • 01 Сәуір, 2019

Қостанайлық төрт жас музыкант республикалық беделді байқаудан табыспен оралды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайлық төрт жас музыкант республикалық беделді байқаудан табыспен оралды

Қазақстанда 52-ші рет өткен жас музыканттар байқауына еліміздің барлық шалғайынан 400-ден аса жас өнерпаздар қатысты. Солардың арасында Қостанайдан барған ансамбль мен 8 жеке орындаушы болды.

Беделді байқау қостанайлық балалар үшін өте табысты болды. Онда Қостанай музыка мектебінің 4 оқушысы Талғат Латыпов, Виолетта Попович, Айым Молдағалиева, Әдия Қайыркешова Гран-при сыйлығын жеңіп алса, ансамбльдер арасында Қостанайдан барған балалар ұжымы бірінші орынды иеленді.

«Бұл жарты ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз өтіп келе жатқан байқаудағы балалар жеңісі біздің музыка мектептебіміздің деңгейін анықтады» дейді балалардың ұстазы Гүлнара Күшікова.

 Нәзира Жәрімбет,

Қостанай

Сурет kstnews.kz сайтынан алынды