25 Қаңтар, 2012

Ойынхананың ойыны осылды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ойынхананың ойыны осылды

Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 6:15

Жуырда Ақтөбе облысының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы кү­рес басқармасының қызмет­кер­лері қала­дағы заңсыз жасырын жұмыс жасап тұрған ойынхананы анық­тап, көлең­келі бизнестің жолын кесті.
ІІД қызметкерлеріне облыс орта­лы­ғында Әлия Молдағұлова даңғы­лындағы үйлердің пәтерінің бірінде заңсыз ойын автоматтарының залы жұмыс жасайтындығы туралы жедел ақпарат түскендіктен осы мәліметтің анық-қанығы тексерілді. Жедел із­дес­тіру шаралары барысындағы прокурор санкциясы бойынша нысанды тінту кезінде 14 ойын автоматтары, 1 электрондық рулетка және 93700 тең­ге ақша тәркіленді.

Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 6:15

Жуырда Ақтөбе облысының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы кү­рес басқармасының қызмет­кер­лері қала­дағы заңсыз жасырын жұмыс жасап тұрған ойынхананы анық­тап, көлең­келі бизнестің жолын кесті.
ІІД қызметкерлеріне облыс орта­лы­ғында Әлия Молдағұлова даңғы­лындағы үйлердің пәтерінің бірінде заңсыз ойын автоматтарының залы жұмыс жасайтындығы туралы жедел ақпарат түскендіктен осы мәліметтің анық-қанығы тексерілді. Жедел із­дес­тіру шаралары барысындағы прокурор санкциясы бойынша нысанды тінту кезінде 14 ойын автоматтары, 1 электрондық рулетка және 93700 тең­ге ақша тәркіленді. Бұл кезде оператор, бармен және күзетші, сонымен қатар, 3 құмар ойыншы нысан ішінде болған. Алдын ала тергеу барысында ойынхана нысанында ойнаушы азаматтар ойын автоматтарын ойнар алдында пәтерге келмес бұрын бір-бірімен телефон арқылы келу уа­қыт­тарын келісіп алатын болыпты. Пә­тердегі ойынхана күндіз-түні үзіліс­сіз жұмыс жасап, көшеден кірер есік­ке арнайы бейнебақылау орнатылған. Бір тәулікте түсетін ойынхана клу­бының табысы 200-400 мың теңге екен. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 269-шы «Заңсыз ойын бизнесін ұй­ым­дастыру» бабына сәйкес қылмыс­тық іс қозғалды.

Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ.