27 Қаңтар, 2012

Мәлімдеме өз уақытында жасалды

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәлімдеме өз уақытында жасалды

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:11

Бас  Прокурор Асхат Дау­ыл­баевтың Жаңаөзен оқиғасына байланысты қозғалған қыл­мыс­тық істердің қорытындысын жария еткенін тыңдадық. Себепсіз салдар болмайды. Мұнайшылар ереуілін жеңіл бағалаған, олармен келісөздерді ұзаққа созып жіберген азаматтарымыздың сал­ғырт­тығынан, сол кездегі  тын­ды­­рылуға тиісті шаруаны кейінге ысырғанынан, халықтың пікірімен санаспағандығынан Жаңа­өзенде өзегі алынбаған сыздауық пайда болды. Ауыр жағдайлар орын алды. Барша қазақ­стан­дық­тар алаңдады.  Сондықтан, жем­қорлыққа жол берген, осындай ауыр жағдайға ұрындырған сала басшы­ла­ры­ның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы заң­ды. Шетпедегі бұзақы топ­тың темір жол рельстерін бұ­зып алып, жо­лау­шылар және жүк поездарын тоқтатып тастап, қылмыстық әрекеттер жасауы да ақтайтын жайт емес.

Бәрін тәртіптік жолмен заң аясында реттеуге болады. Елба­сымыз осыларды атап көрсетіп, құқық қорғау органдарына қыл­мысты толық ашуды тапсырған. Мемлекет басшысының тапсыр­масы орындалды. Бас Проку­рор­дың мәлімдемесі көпшіліктің көкейінен шықты. Қылмыс­ты­лар­дың орны – абақты.
Бүгінде Елбасының ара­ла­суы­мен Жаңаөзендегі жағдай тұрақ­талғандығын бар­ша­мыз көріп отырмыз. Мұ­найшылар тиісті жал­ақыларын алды. Жұмысқа тұр­ды. Бүлінген дүние, қиратыл­ған мүлік орнына келіп жатыр.
“Ашу дұшпан, ақыл дос”, дейді халқымыз. “Сабыр түбі – сары алтын”, дейтін қанатты сөз және бар. Жаңаөзендегі жараның орны да жазылар. Бірақ, еліміздің тыныштығын бұзғысы келе­тін­дердің ықпалына еріп кетуге бол­майды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлем санасатын мықты мемлекеттердің біріне айналып келеді. Сондықтан, елдің береке-бірлігін, тыныштығын ойлауы­мыз керек. Осы мақсатта бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болмақ абзал.
Дархан САБЫРХАНОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Шымкент.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10