Жұмыс берушілерге сабақ болды
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:12
Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаның сыры енді ашылғалы отыр. Бас Прокурордың мәлімдемесінде айтылғандай, өңірдегі бүлік мұнайшылардың ұзақ ереуілдерінің және әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан болғаны жасырын емес. Міне, осындай себептерді ұтымды пайдалана білгендер жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекет еткен. Әрине, оның соңы қайғылы оқиғаға ұласқаны баршаның қабырғасын қайыстырды. Жаңаөзендегі тұрғындар абдыраған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқиға орнына барып, жұртшылықтың көңіліне сенімді ұялата білді. Үкіметке қаза тапқандар мен зардап шеккендер отбасыларына қолдау көрсету мен бүлінген ғимараттарды қалпына келтіруді, ал құқық қорғау органдарына оқиғаның себеп-салдарын анықтауды тапсырды.
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:12
Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаның сыры енді ашылғалы отыр. Бас Прокурордың мәлімдемесінде айтылғандай, өңірдегі бүлік мұнайшылардың ұзақ ереуілдерінің және әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан болғаны жасырын емес. Міне, осындай себептерді ұтымды пайдалана білгендер жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекет еткен. Әрине, оның соңы қайғылы оқиғаға ұласқаны баршаның қабырғасын қайыстырды. Жаңаөзендегі тұрғындар абдыраған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқиға орнына барып, жұртшылықтың көңіліне сенімді ұялата білді. Үкіметке қаза тапқандар мен зардап шеккендер отбасыларына қолдау көрсету мен бүлінген ғимараттарды қалпына келтіруді, ал құқық қорғау органдарына оқиғаның себеп-салдарын анықтауды тапсырды. Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына берген тапсырмасынан кейін мұнайшылар ереуілінің түп төркіні ашыла бастағандай. Бас Прокурордың мәлімдемесінде айтылғандай, Жаңаөзендегі жергілікті билік пен мұнай компанияларының басшылары жемқорлық әрекетке барған. Яғни, бірнеше миллион теңгені ұрлап, өз пайдаларына жаратпақ болған ғой. Ірі көлемдегі мол қаржыны ұрлаудағы заңсыздықтың орын алғаны мұнайшыларды әбден ызаландырған. Міне, Жаңаөзен оқиғасының неден басталғаны осыдан-ақ байқалады.
Әрине, Елбасы дер кезінде оқиғаның неден бастау алғанын анықтауға тапсырма бермесе, бұл заңсыздықтар анықталмауы да мүмкін еді. Енді кінәлілер қатаң жазаға тартылуы қажет. Өйткені, аптап ыстыққа, қақаған аязға төзе жүріп мол мұнай өндіруге бел шеше кіріскен мұнайшылардың, олардың отбасыларының әлеуметтік тұрмысы үшін бөлінген мол қаржы ашкөздікпен ұрлағандардың әрекетінен Жаңаөзен тұрғындары зардап шекті. Әлеуметтік теңсіздіктің асқынуы ешқашан жақсылыққа апармайтыны өзге өңірлердегі атқарушы билікке, жұмыс берушілерге әрдайым сабақ болуы тиіс.
Әбілхан ТӨЛЕУІШЕВ, «Қазақ тілі» қоғамының Атырау облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
Атырау облысы.