
Оның айтуынша, республика аумағында 2018 жылы 347, 2017 жылы
360 жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары тіркелген. Оның ішінде
бруцеллез бойынша 180, 2017 жылы 217 саламатты емес пункт анықталған. 180
саламатты емес пункттің ішінде 125-і сауықтырылып және жергілікті атқарушы
органдардың шешімімен жабылған. 55 пунктте ветеринариялық-сауықтыру іс-шаралары
жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан жануарлар ауруларының 20 ошағы тіркелген.
Одан
бөлек министр Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне
тоқталды.
«Өткен жылы Халықаралық эпизоотиялық бюро тәуелсіз шетелдік
сарапшылар миссиясының (ПВС талдау) қорытындысы бойынша 2011-2017 жылдардағы
еліміздің ветеринариялық қызметін жаңғырту нәтижелерін жоғары бағалады.
Мәселен, бағаланған 47 позицияның 14-і бойынша Қазақстан өз позициясын
жақсартты, 30-ы бойынша жоғары бағасын сақтап қалды, 3-уі бойынша жақсарту
жөнінде ұсыныстар берілді» деді С.Омаров.