Мемлекеттік Орталық музейде ашылған «Дала әуенінің ізімен» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына музыкант-этнографтың жеке кешенінде сақталған фотоматериалдар, мақалалар, жинақтар мен кітаптар, түсініктемелер мен дала әуендерінің ноталық жазбалары ұсынылды. Олардың қатарында 1925 жылы Әліби Жангелдинге берген қолтаңбасы «Қазақ халқының 1000 әні» (әндер мен әуендер), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (әндер мен аспаптық пьесалар) жинағы, фотосуреттері ерекше атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар сазгердің қызы Ольга Затаевичтің Ахмет Жұбановқа жазған хатымен және 1950 жылы академик Ахмет Жұбанов жариялаған «А.В.Затаевич – қазақ халқының ән-күйінің бірінші жинаушысы» мақаласымен танысуға болады.
Сағыныш тербеген әсем әуездер өн бойыңды толқытады... Сағыныш саздары болып әлдилейді... Беу, дүние... дала әуендерінің ізі...
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ