Жазықсыздар жапа шекпейтініне күмән жоқ
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:16
Менің еңбек және өмір жолым Жаңаөзен қаласымен тығыз байланысты. Сондықтан болар, осы қаланың өсіп-өркендеуінің бәрі де көз алдымда. Айтары жоқ, халқы көбейіп, сәнді құрылыстар сап түзеп келеді. Әттең, өткен жылғы желтоқсандағы оқиға көңілімізге қаяу түсірді. Қиын жағдайлар қалыптасты. Осындай сәтте тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға келіп, мән-жайды көзімен көруі, қарапайым адамдармен әңгімелесуі үлкен қолдау мен ерекше көмек болды. Елбасы тапсырмасына орай қаладағы бүлінген нысандар да қалпына келтірілуде, тұрғындарды азық-түлікпен, отын-сумен, жылумен қамтуда кемшіліктер кездескен жоқ.
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:16
Менің еңбек және өмір жолым Жаңаөзен қаласымен тығыз байланысты. Сондықтан болар, осы қаланың өсіп-өркендеуінің бәрі де көз алдымда. Айтары жоқ, халқы көбейіп, сәнді құрылыстар сап түзеп келеді. Әттең, өткен жылғы желтоқсандағы оқиға көңілімізге қаяу түсірді. Қиын жағдайлар қалыптасты. Осындай сәтте тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға келіп, мән-жайды көзімен көруі, қарапайым адамдармен әңгімелесуі үлкен қолдау мен ерекше көмек болды. Елбасы тапсырмасына орай қаладағы бүлінген нысандар да қалпына келтірілуде, тұрғындарды азық-түлікпен, отын-сумен, жылумен қамтуда кемшіліктер кездескен жоқ. Жағдайды зерделеу үшін Үкіметтік комиссия, ІІМ жедел тергеу тобы тынымсыз жұмыс істеді. Сондай-ақ Елбасы тапсырмасына орай қоғамдық комиссия құрылды. Мен оның Жаңаөзендегі қабылдау орталығын басқардым. Аймаққа белгілі, абыройлы азаматтарымыз да ел тыныштығы, азаматтардың аманшылығы үшін бірлесе жұмыс жасадық. Қабылдауға келгендердің талап-тілегі аяқсыз қалмады. Соған орай тиісті шешімдер қабылдадық. Ал кеше республикамыздың бас прокурорының мәлімдемесін тыңдадық. Біраз адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Тексеру әлі де жүріп жатыр. Баршамыздың да тілегіміз, халыққа керегі әділ шешім. Өйткені өмір толқыны жалғасып жатыр. Елбасы тапсырмасына орай жаңа кәсіпорындар ашылды. Қаланы өркендетудің жоспары қабылдануда. Яғни, Жаңаөзен халқының алдағы күндері нұрлы, шуақты, тыныш болады – деген сөз. Ата Заңымыздың талабының өзі тыныштық, азаматтар құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Сондықтан да Заң орындарының шешімдерін қала тұрғындары түсіністікпен қабылдап байсалдылық пен парасаттылық таныта біледі. Сондай-ақ бұл қиын да, күрделі істің біраз адамға ащы сабақ екендігін де естен шығармағандығымыз жөн. Ең негізгісі жан-жақты, терең зерттелудегі оқиғаға әділ баға беріледі. Кінәсі барлар ғана өз жазасын алып, жазығы жоқ адамдар жапа шекпейді деп ойлаймыз. Және де солай болып та жатыр. Күні бүгін жазықсыз деп табылған азамат уақытша қамаудан босатылды.
Асылбек АЙДАРОВ, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық қоғамдық комиссияның қаладағы қабылдау орталығының төрағасы.
Жаңаөзен.