27 Қаңтар, 2012

Нақтылық анық байқалды

401 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нақтылық анық байқалды

Жұма, 27 қаңтар 2012 8:42

Жаңаөзен оқиғасына бай­ланысты Елбасының тап­сыр­ма­сына орай мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жат­қа­нын білетінбіз. Алайда, осы аса жауапты тергеу ісінің жүру барысынан бейхабар едік. Бас Прокурордың мәлімдеме­сі­нен кейін бұған дейін белгісіз, кү­мәнді болып келген көп жәйт­тердің ара-жігі ашылғанына көз жеткіздік. Ең бастысы мәлім­де­ме­дегі жариялылық, тергеу бары­сының республикада қабыл­дан­ған заңды­лық­тар­ға сәйкес жү­ріп жатқанын аң­ғардық.

Аса үлкен ауқым­дағы тәр­тіп­сіздіктер кезінде кімнің кінә­лі, кімнің кінәсіз екенін айқындау оңай іс емес. Бұл ретте бізді Жаңа­өзендегі негізгі мемлекеттік ко­миссияға балама ретінде қо­ғам­дық комиссия­лар­дың да құ­рыл­ғаны қуант­ты. Іс барысында оң ұсыныстар ескеріліп, кінәсінің деңгейіне қарай он бір адамға қа­тысты қамау ша­расы неғұрлым жеңіл шаралармен ауыстырылғаны қазақстандық қоғамның ізгілігі мен әділеттілігін айқындай түседі.
Ел ішінде полиция қызмет­кер­лері ереуілшілерге заңсыз қару қолданғаны жөнінде әрқилы пікірлер орын алып келгені де рас. Бұл мәселенің де ақ-қарасын анық­тау қатаң сын безбеніне са­лынғаны мәлімдемеде деректермен айтылған.
Қандай да бір теріс оқиға бол­масын, оның қай-қайсысының да себебі мен салдары болмай қал­майды. Олардың жай-жапсарына терең зерттеулер жасалған кезде ғана тергеу ісі неғұрлым әділ ар­наға бет бұрып, тәуір нәтиже көр­се­те алады. Жа­ңаөзендегі тәртіп­сіз­діктер тізбегін бетінен қалқы­май, оқиғаның арғы астарына кө­ңіл аударылып отырғаны бәріміз­дің көңілімізден шығып отыр.
О баста Елбасымыз Жаңа­өзен­дегі жаппай тәртіпсіздіктерді анықтауға қатысты құрылған мем­лекеттік комиссия мүше­ле­рі­не берген тапсырмасы да осын­дай екенін баспасөз материал­да­ры арқылы білген едік. Тергеу ісі Мемлекет басшысы берген осы тапсырмаға сәйкес жүріп жат­қа­нын Бас Прокурордың мәлімде­ме­сімен танысу арқылы көз жеткіздік. Қысқасы, заң алдында жұрттың бәрі бірдей, бұл ретте ешкімге артықшылық та берілмейтінін, жеңілдік те көрсе­тіл­мей­тінін тағы бір түйсініп отыр­мыз. Елбасының басты талабы да осы еді ғой. Мұның өзі түбегейлі тергеу ісі бұдан кейін де ақи­қат­тың ақ жолынан айнымайтынына үлкен сенім туғызады.
Роза ИСАТАЕВА, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры.
Орал.