Спорт • 02 Сәуір, 2019

Ең бағалы футболшы – Месси

705 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі «France Football» басылымы таяуда ең көп табыс табатын футболшылар мен бапкерлердің тізімін жариялады.

Ең бағалы футболшы – Месси

Ойыншылар арасында Лионель Мессиге тең келер ешкім жоқ. Испанияның «Барселона» клубы сапында өнер көрсетіп жүрген аргентиналық шабуылшы жылына 130 миллион евро шамасында табыс табатын көрінеді. Екінші орында – португалиялық Криштиану Роналду. Италияның «Ювентусының» сұрмергенінің табысы – 113 миллион. Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарында бразилиялық Неймар («ПСЖ» – 91,5 млн.), франциялық Антуан Гризман («Атлетико Мадрид» – 44 млн.) және уэльстік Гарет Бейл («Реал Мадрид» – 40,2 млн.) сынды саңлақтар бар.


Ал ең бағалы бапкерлер көшін мына майталмандар бастап тұр: аргентиналық Диего Симеоне («Атлетико Мадирд» – 41 млн. ), португалиялық Жозе Моуринью (31 млн.), франциялық Тьерри Анри (25,5 млн.), испаниялық Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити» – 24 млн.), Эрнесто Вальверде («Барселона» – 23 млн.).