Экономика • 03 Сәуір, 2019

Көмірсутегіне сұраныс көтерілді

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңғы ширегін­де өрлей бастаған баррельдің баға­сы қазір 68 долларға шамалас. Шикізат құнының көтерілуімен қатар, сұраныс та өсе бастағаны байқалады. 2018 жылы мұнайға жаһандық сұраныс көлемі тәулігіне 90 миллион баррельді құрады. Бұл туралы LS ақпарат агент­тігі Халықаралық энергетикалық агенттікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Көмірсутегіне сұраныс көтерілді

Халықаралық энергетикалық агент­тіктің «2018 жылдағы жаһан­дық энерге­тика және көмірқышқыл газын шығару ахуалы туралы» баяндамасына жүгінсек, 2017 жылмен салыстырғанда былтыр көмірсу­тегі шикізатына деген сұраныс 1,3 пайызға көтеріліпті. Әсіресе жыл­дың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 99,92 миллион баррельге дейін өсіп, жыл соңы­на қарай сәл саябырлаған.

Сарапшылардың деректеріне сүйсенсек, дүние жүзіндегі шикі­затқа деген сұраныс биыл да төмен­демейді. Керісінше орташа есеппен тәулігіне 100,8 миллион баррельге көтерілуі әбден мүмкін.

Энергия тасымалдаушылардың ішінде ең жоғарғы үлес «қара ал­тынға» тиесілі, бұл 31 пайызды құ­рай­ды. Екінші орын көмірге тиесі­лі – 26 пайыз. Күн, жел, су сынды бас­қа энергия көздерінің үлесі жыл сайын біртіндеп көтеріліп келе жат­қаны рас. Алайда, энергияға деген сұраныстың да қарқынды өсуі­не байланысты әзірге мұнайдың қажет­тілігі төмендейтін түрі көрінбейді.

– Дүние жүзі бойынша тұтынылатын энергияның 20 пайызы АҚШ-қа тиесілі. 15 пайызы – Еуропа елдерінің, 13 па­йызы – Қытайдың үлесінде. Бір атап өтерлігі, мұнайға деген сұраныстың өсу қарқыны бойынша Үндістан басқалардан көш ілгері тұр (+4,5 пайыз). Қытайда бұл көрсеткіш 3,5 пайызға, АҚШ-та 2,7 пайызға көтерілсе, Еуропада бар болғаны 0,1 пайызға өсті, – делінген агенттіктің баяндамасында.

Халықаралық энергетикалық агенттік дүние жүзі елдеріндегі мұнай қорының көлеміне қатысты да жаңа деректерді жариялады. Мұнай қоры ең мол елдердің көшін 300,9 миллиард баррель қоры бар Венесуэла бастап тұр екен. Алайда, бұл көрсеткіш Венесуэланың эконо­микалық дағдарыстан құтылуына ешқандай оң әсер етпеген.

Мұнай қорының көлемі бойын­ша Сауд Арабиясы екінші орынды иеленсе (266,5 миллиард баррель), үштікті 169,7 миллиард шикі­заты бар Канада түйіндеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақ­стан 12-орында тұрғанын айта кетейік. Халықаралық энергетикалық агент­­тік сарапшылары еліміздегі көмір­сутегінің қорын 30 миллиард баррель деп болжам жасапты.

Соңғы жаңалықтар