Қоғам • 03 Сәуір, 2019

Қоғамға қызмет – ізгілік қасиет

28497 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі қоғамда жастардың белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен ділінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің құл­дырауы байқалуда. Рухани құн­дылықтардың орнына мате­риалдық құндылықтар келіп, басымдық танытуда. Іс жүзінде осының барлығы жастардың маңызды азаматтық міндеттерді жауап­кершіліксіз, немқұрайлы атқарып, әлеу­меттік жетесіздік пен рухсыздыққа бой ал­дыруынан айқын аңғарылады. Жастар арасында сан алуан ді­ни көзқарастардың белең алуы, кәмелетке толмаған жас­өс­­пірімдердің арасында қыл­мыс­тың өсуі, маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық, өзіне қол жұм­сау, жас отбасыларының ажы­расуы жағдайларының кө­беюі өзекті мәселе болып тұр.

Қоғамға қызмет – ізгілік қасиет
Егер статистика мәліметте­ріне жүгін­сек, 2018-2019 жылы Маңғыстау облысында 85 балаға қарсы қылмыстық іс-әрекет тір­келді, оның ішінде 29-ы жы­ныстық зорлық-зомбылық, 7 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 47 бала өз еркімен үйінен кетіп қалды. 
Ресми деректер бойынша, бүгінде әлеуметтік қорғау органдарында 25771 мүгедек тір­келген. Оның ішінде 5188 мү­гедек бала бар, бұл барлық мүге­дектердің 20%-ы, БЦП ауруымен ауы­ратын 290 бала, аутизмі бар 92 бала, Даун синдромы бар 65 бала. Ақтау қаласында 153 мү­гедек бала, 95 БЦП ауруымен, 10 – аутизммен, 11 бала Даун син­дро­мымен өмір сүреді.
Сондай-ақ №2 арнайы қызмет көр­сету орталығында, яғни қарт­­тар үйінде 107 қарт пен мүге­дек тұрады, қалада 549 жал­ғыз бас­ты қарт, 114 жалғыз бас­ты­ мүгедек тұрады. Балалар пси­­хоневрологиялық интернат үйін­­де 114 бала емделуде, оның ішінде 63 бала тұрақты түрде интернатта өмір сүреді, ал балалар ауылында 40 бала тәрбиеленуде.
Адамның мәдени тұлға ре­тін­дегі табиғатын зерттеуші ға­­­лымдар, адамның мәдениеті мен қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, білім ал­ған, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз бола­тындығын айтады.
Осы арада білім мен тәрбие беру ортасы ретінде университеттер қоғамның дамуына қалай көмектесуге болады және университет бітіруші түлектерімізді ман­сапқа, табысқа, жалақыға, қо­ғамдағы жақсы жағдайға ба­ғыттап қана қоймай, оған қол жет­кізе алмайтындар туралы ой­лады қалай қалыптастыруға болады?
Сондықтан студент жастар­ды құн­ды­лықтарымызға сәйкес, қоғамда ықы­ластылықты қа­лып­тастыруға ба­ғыттау мақса­тында осы оқу жылынан бас­тап, әлемдік тәжірибеге сүйе­не отырып, әлеуметтік жоба­ларды қамтитын «Қоғам­ға қыз­мет» (Service Learning) пәні енгі­зілді. Алғаш рет Service Learning бағдарламасы АҚШ-та әзірленіп, сы­­­­­нақтан өткізілді және тәжірибелі оқы­тудың тығыз қа­лып­тасқан практикасында бастау алады. Service Learning – азаматтылыққа, академиялық пәндерге, дағдылар мен адами құн­дылықтарға оқыту әдісі. Бұл жобаны енгізген АҚШ жоға­ры оқу орындарының бірі – Стэнфорд университеті. Содан кейін Ар­гентинада, Чилиде және Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Бүгінге дейін Қазақ­станда Service Learning жобасы тек­ екі ЖОО-да енгізілді: AlmaU жә­не Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Жобаның мақсаты – білім алушы­лардың сана-сезі­міне адамгершілік, қоғамға қа­жет­тілік, қайырымдылық сияқ­­­ты адами құндылықтарды ұя­ла­ту, студенттердің өмірге де­ген белсенді ұстанымын қалып­тас­тыру. Студент жас­­тарды во­­лон­терлық қызметке тарту. Мұндай жоба арқылы студент­тер қоғамның әлеуметтік мәселе­лерін көріп, шешу жолдарын үйре­неді әрі әлеуметтік мекеме­лерде іс-тәжірибеден өтеді. Яғни, атал­ған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мү­гедектер үйінде, сон­дай-ақ басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжі­рибе жүзінде қолдануды үйренеді.
Студенттер лекциялар мен прак­тикалық сабақтарға қа­ты­сып, қоғамдық ұйымда ал­ған білімдерін тереңдетіп, басқа­лардың игілігі үшін әлеуметтік пайдалы жұмыстарды орындайды. Нәти­жесінде студенттер қоғамдық пайдалы іс-әрекет тә­жірибесін ұғынуға және ал­ған білім­дері мен іскерліктерін көр­се­туге мүмкіндік алады. Волон­тер­лық жұмыс нәтижесінде оқу үде­рісін нақты мекемеде іс-тә­жірибемен ұштастыру мүмкін­шілігі пайда болады.
Жоғары оқу орындарында білім беру сапасын жақсарту жас­тардың білім беру процесіне жергілікті қоғамдастыққа интеграциялау тетіктерін қосу және сту­денттерді әлеуметтік жауап­кер­шілік­ке  тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Жоба енгізілгеннен кейін ал­ғашқы семестр қорытындысы бойын­ша жоба жақсы нәтиже­лерге жетіп, ҮЕҰ «Эко Маңғыс­тау», «Ана мен бала орталығы», «Балалар ауылы», «Жетімдер үйі», «Психоневрологиялық ор­та­лық», «Мүм­кіндігі шектеулі жан­дарға арналған спорт кешені», «Арда» және т.б. әлеу­меттік мекемелермен бірлескен мүмкін­дігі шектеулі азаматтарға, қарт адам­дарға, жетім балаларға, Ана­лар үйіндегі жас аналарға, мүге­дек спортшыларға, аутизм­мен ауыратын, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған қайы­рым­дылық акциялар өткі­зіліп, 50 әлеуметтік жоба іске асы­рылды. Оған 583 студент қатысып, еріктілер ұйымына тартылды. 
Еріктілердің мұндай көмегіне зәру адамдар аз емес. Сондықтан да осы ауқымды, маңызды игі іске тек студентт­ер қауымы емес, бүкіл қоғамның атсалысуы қажет екендігі белгілі.

     Берік АХМЕТОВ,
     Ш.Есенов атындағы КМТИУ ректоры

     АҚТАУ