Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Аққулыға аққулар ұшып келді

1248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Аққулы ауданы маңайындағы шағын көлдерге жұп-жұппен алты аққу қоныпты. Олардың биыл жылдағыдан ертерек келгенін ауыл тұрғындары жақсы ырымға балайды.

Аққулыға аққулар ұшып келді
Көлдер маңына көк­құтан, тырна сияқты құс­тар да ұшып келуде. Жер­гілікті халық құстар­дың көл бетінде бір-екі аптадай ғана жүретініне дейін жақсы біледі. Былтыр мамыр айында ақбас тырналар да ұшып келіпті. Сондықтан тұрғындар көл жағасына барып қызықтап, асыға жеткен құстардың келуін суретке түсіруде. 
Ал аудан аумағындағы Сырөзек, Шарбақты сияқ­ты шағын көлдерде ақ­қулар ертеректе мекен ет­кен екен. Ауданның бұ­рынғы атауы Лебяже болса, былтырдан бері Елбасы қаулысымен тұрғындарды қуантып, Аққулы ауданы деп аталды. 

Ғалым Қуат Сапа­ров­­­тың айтуынша, Ертіс өзенінің суы молайып та­сыған кезде Аққулы ау­лының жанындағы көлдер толып, аққулар ұшып-қонатын айдынға айналған деседі. Сон­дықтан алдағы уақытта «Ертістің Аққулы өңі­рі» д­еген ұғымды қалып­тас­тыру қажет. 

     Павлодар облысы, 
     Аққулы ауылы