Экономика • 03 Сәуір, 2019

KASE студенттердің биржалық сауаттылығын арттыруды жалғастырады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE 1-30 сәуір аралығында «Биржалық ынта» білім жобасы аясында Қазақстан және басқа да мемлекеттер студенттері үшін қаржылық жаттығуларын өткізетіндігін хабарлайды.

KASE  студенттердің биржалық сауаттылығын арттыруды жалғастырады

Жобаға қатысу үшін http://kase.kz/ru/account/registration/exchange_simulator/ бойынша тіркелуге болады. Мұндай жоба алғаш рет 2008 жылы 29 шілдеде басталған болатын. Осы уақыт аралығында бұл жобаға Қазақстанның және де алыс-жақын шетелдердің сексенге жуық жоғары оқу орындарынан 4500-ден астам студент қатысқан (Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ұлыбритания, т.б.).

«Биржалық ынта» жобасы қаржы-экономикалық және басқа да мамандықтарда оқитын, өзінің кәсіби білімі мен қор биржасында жұмыс істеу тәжірибесін нығайтқысы келетін студенттердің қаржы сауаттылығын көтеруді мақсат етеді.

Жоба қорытындысына орай өзінің виртуалды портфелінің табысы жоғары студенттер жеңімпаз болып табылады. Қатысушылар KASE әріптес ұйымдарында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.