10 Наурыз, 2010

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АУҚЫМЫН АЙШЫҚТАЙТЫН АПТА

792 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
8 және 9 наурызда Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары ара­сында жыл сайынғы екіжақты саяси консультациялар болып өтті. Бірнеше мем­ле­кет­тік органдар өкіл­дерінен тұратын қазақстандық де­ле­гацияны Сыртқы істер министрінің орын­басары Қ.Омаров бастап барды. Америкалық жаққа АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Р.Блейк басшылық етті. Шараның күн тәртібі 2010 жылғы 12-13 сәуірде Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке дайындық, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сам­ми­тінің мазмұнын анықтау, Ауған­станды саяси тұ­рақ­тандыру және экономикасын қал­пына келтіру, саяси, экономикалық, қа­уіпсіздік және адам құ­қықтары салаларындағы ық­палдастықтың перс­пек­тивалары секілді қа­зақ-американ стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін қамтиды, деді кешегі өткен апталық бри­ фингте Сыртқы істер минис­тр­лігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов. Келіссөздерде қазақстандық тарапты Сырт­қы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ал эстондық жақты Эко­номика және коммуникациялар министрі Юхан Партс бастайды. Ресми өкіл сондай-ақ 12 наурызда Баку қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орын­басары Нұрлан Ермекбаевтың төраға­лы­ғы­мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім ша­ра­лары жөніндегі кеңестің Аға лауазымды тұл­ға­лар комитетінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етті. Басқосудың күн тәр­ті­біндегі негізгі мәселе – өткізілуі 7-9 маусымда Ыстам­бұл­да жоспарланған Азия кеңесі елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының үшінші саммитіне дайындық барысы. Сонымен қатар АӨСШК-нің Артықшылықтар мен иммуни­тет­тер жөніндегі конвенциясының жобасын тал­қы­лау, 3-ші Саммиттің саяси декларациясының жобасы мен Түркияның Азия кеңесіне 2010-2012 жылдары төрағалық ету тұжырымдамасын мүше мемлекеттердің назарына ұсыну сияқты іс-шараларды өткізу жоспарланған. Ресми өкіл сондай-ақ 14 және 15 наурызда Босния және Герцоговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалайдың Қазақстанға ресми сапары жоспарланғанын айтты. Сапар бары­сын­да қонақтың отандық сыртқы істер ведо­мс­т­восы мен бірқатар басқа да мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшылығымен кездесулері жоспарланған. 15 және 16 наурызда, деп жалғады бри­фингті А.Абдрахманов, Минскіде “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аймағында шекарадан өту орындарын лайықты басқару, жерүсті көлік тасымалдарының қауіпсіздігін нығайту, халықаралық автомобиль және темір жол көлік қатынастарын жеңілдету” атты аталмыш Ұйымның 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші дайындық конференциясы өтеді. Брифинг соңында ресми өкіл 15 және 17 наурыз аралығында Еуропа Кеңесі Парла­мент­тік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чаву­шо­ғ­лының Қазақстанға сапармен келеді деп күтіліп отырғанын көлденең тартты. Сапар барысында мәр­тебелі қонақ еліміздің жоғары бас­шы­лы­ғымен бірқатар кездесулер өткізеді деп жос­парланған. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.