Экономика • 03 Сәуір, 2019

«Қарапайым заттар экономикасы» қалай жүзге асады?

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бастау алады.

«Қарапайым заттар экономикасы» қалай жүзге асады?

Бүгінде аймақ бойынша жобаға қатысатын  үш компанияның өтініші банктерге қарастыру үшін жолданған. Ал өңірдегі 15 компания бағдарламаға қатысуға қызығушылық білдіріп отыр екен.

Жақында Алматы облысының мегаполист маңында орналасқан кәсіпорын басшылары мен қаржы директорларының қатысуымен бағдарламала шарттарын түсіндіруге арналған жұмыс кездесуі өтті. Онда облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Әсет Шаяхметов бағдарлама талаптары, қаржыландыру механизмдеріне кеңінен тоқталып, компания өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Қаржы алу үшін банкке өтінім беріп, бағалау мен бекіту үрдістерінен өту керек. Қазіргі таңда 9 банк кәсіпкерлерді 8 пайыз бойынша несиелеуге әзір. Қарыз 9 жылға беріледі. Өтінімді қарастыру кезеңінде субсидиялау сомасы да қарастырылады, - деді кездесуде  Әсет Шаяхметов.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша бастау алған болатын.  Ел Үкіметі жоба бойынша халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдау үшін 600 млрд теңге қаржы бөлді. Өңірлер бойынша бұл қаражат жеңіл, тамақ, жиһаз өндірісіне, құрылыс материалдарын өңдеу мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталмақшы.


Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,


«Egemen Qazaqstan»


Алматы облысы