Спорт • 04 Сәуір, 2019

Жеңіл атлетика: Дохаға баратындар анықталды

1472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21-24 сәуір аралығында Катардың астанысы – Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Григорий Егоров осы жарысқа 25 спортшыны апаруды құп көріп отыр.

Жеңіл атлетика: Дохаға баратындар анықталды

Ерлер арасындағы бәсекеде Антон Боднар (биіктікке секіру), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виталий Земс (4х100 эстафета), Вячеслав Земс (110 метрге кедергілермен жүгіру, 4х100 эстафета), Давид Ефремов (110 метрге кедергілермен жүгіру), Иван Иванов (ядро лақтыру), Александр Каспер (100 метрге жүгіру, 4х100 эстафета), Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілермен жүгіру, 4х400 аралас эстафета), Михаил Литвин (400 метрге кедергілермен жүгіру, 4х400 аралас эстафета), Данил Полянский (сырықпен секіру), Сергей Русак (4х100 эстафета), Андрей Соколов (400 метрге кедергілермен жүгіру, 4х400 аралас эстафета)  және Дамил Сүтжанов (100 метрге жүгіру, 4х100 эстафета) сынды спортшылар бақ сынайды.

Әйелдер сайысында Аделина Ахметова  (400 метрге кедергілермен жүгіру), Светлана Голендова (400 метрге жүгіру, 4х100 эстафета, 4х400 аралас эстафета), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Рима Кашафутдинова (100 метрге жүгіру, 4х100 эстафета), Варвара Лисичкина (800 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру, 4х100 эстафета, 4х400 аралас эстафета), Маргарита Мұқашева (800 метрге жүгіру, 4х400 аралас эстафета), Татьяна  Нерознак (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 1500 метрге жүгіру), Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Ольга Сафронова (100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 эстафета), Әйгерім Шыназбекова (100 метрге кедергілермен жүгіру, 4х100 эстафета) және Ирина Эктова (үш қарғып секіру).