Спорт • 04 Сәуір, 2019

Алматыда джиу-джитсудан «Koktem open-2019» xалықаралық турнирі өтеді

887 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің 6-7 сәуір күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Championship/Kids «Koktem open-2019» халықаралық ашық турнирі өтеді, деп қазақстандық ақпараттық орталығы хабарлайды.

Алматыда джиу-джитсудан «Koktem open-2019» xалықаралық турнирі өтеді

Жарыстың бірінші күні 4-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні жасы 18-ден жоғары спортшылар жарыс жолына шығады.  

Турнир ABB аренада IBJJF халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да (екі күн).  

Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес www.arlangrip.kz немесе www.smoothcomp.com сайттарына тіркеліп, тиісті қаражат төлеу қажеттігі көрсетілген.  

Турнир елімізде бразилиялық джиу-джитсу спорт түрін дамытып, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтауға қызмет жасайды.  

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және арнайы медальдар табысталады.