Ал танымал ғалым, Түркиядағы Ұлығдағ университеті теология факультетінің профессоры Яшар Айдынлы əл-Фарабидің «Логикада (түйсікте) қолданылатын сөздер» атты еңбегін аударып, басып шығарған. Халықаралық Фараби оқуларының ашылу салтанатында Яшар Айдынлы бұл еңбегін қазақ халқына арнайтынын мәлімдеді. Кітаптың алғысөзінде автор «Қазақ халқына жəне Фарабидің атын танытқан əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнаймын» деп жазған. Оған қоса түрік ғалымы университеттің кітапханасына Фараби зерттеулеріне қатысты басқа да кітаптарын сыйға тартты.
АЛМАТЫ