Саясат • 04 Сәуір, 2019

Әсет Исекешев Korea Foundation президенті Ли Си Хенмен кездесті

824 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев Korea Foundation президенті Ли Си Хенмен кездесті. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасы қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Әсет Исекешев Korea Foundation президенті Ли Си Хенмен кездесті

Тараптар Тұңғыш Президент Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты, сондай-ақ Korea Foundation үкіметтік емес ұйымымен бірлесе «Корей түбегін денуклеаризациялау. Жаһандық мәселелерді шешудегі Қазақстанның антиядролық тәжірибесі» тақырыбында жуырда өткізген халықаралық дөңгелек үстел бойынша өз ойларымен бөлісті.

«Бізді Кореяның білім беру, денсаулық сақтау салаларына қатысты инновациялар мен жаңа технологиялары қызықтырады. Қорларымыздың арасындағы нәтижелі қарым-қатынас дарынды жастарды қолдауға және адам капиталын дамытуға бағытталған жұмысты жетілдіруге көмектеседі», - деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде Ли Си Хен: «Сіздердің Қорларыңыздың жұмыс бағыттары, сонымен қатар елдің жалпы қарусыздану мен ядролық қауіпсіздік идеясын таратудағы жұмысы қызуғышылық тудырады», - деген ойын білдірді.

Қос тарап басшылары меморандумда көрсетілген бірлескен жобаларды талқылап, оларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді.

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Korea Foundation келісімге келген еді. Меморандум адам капиталын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуді көздейді, сонымен қатар инновация, жаңа технологиялар, ақылды экономика мен әлеуметтік даму саласындағы корей институттарымен және компанияларымен серіктестік орнату мақсатында жасалған.  

Кездесу соңында елорда қонақтарына Назарбаев орталығы таныстырылды.