«Queen of University-2019» дәстүрлі байқауына қатысқан ҚАУ-нің сәнқой арулары «Ерке-Нұр» сән үйінің ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Байқауға қатысқан 12 үміткер бірнеше ай бойы жарысқа дайындалып, өз өнерлерін көрсетті. дерінің табиғи таланттарын көрсетуге тырысты.
Олардың барлығы – қазақ қыздарының қас сұлулары әлемдегі нәзіктік пен сұлулық үйлесімінің көрінісі іспетті. Әрине, бұл таңғажайып сәттер олардың есінде ертегідегідей сақталары анық.
Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ, коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісін таныстырды.
Қазылар алқасының құрамында дизайнерлер мен модельдер болды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың талантын Юнеско-ның ҚР-дағы геосаясаттар жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Диляра Вудворд, ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің кеңесшісі Руслан Бультриков, «Ерке-Нұр» сән үйінің жетекшісі Фарида Мерхамитқызы және мәдениет, өнер қайраткерлері жоғары деңгейде бағалады.
Араулар арасынан өн бойы озық шыққан Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының 2 курс студенті Айдана Нұрбаева сұлулық байқауының тәжісінің иегері атанды. Өнерлі әсем ару құстардың бекзаты –аққудың сұлулығын бейнелейтін «Аққу» биін асқан шебер орындап, көрерменін тәнті етті.
Салтанатты кеште Қазақ-Америка Университетінің Президенті Амирлан Құсайынов байқаудың жеңімпазы Айдана Нұрбаеваға 180 000 теңгенің сертификатын табыс етті.