05 Сәуір, 2019

Ролан Гарростың жүлде қоры көбейді

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілер арасындағы «Үлкен дулыға» санатына жататын ең ірі төрт жарыстың бірі – Францияда өтетін «Ролан Гарростың» жүлде қоры үстіміздегі жылы 8 пайызға артты.

Ролан Гарростың жүлде қоры көбейді

Соған сәйкес ерлер мен әйелдердің жекелеген сайыстарының жеңімпаздары  2,62 миллион АҚШ долларын олжалайды. Яғни, биылғы маусымда топ жарған ойыншылар өткен жылдың чемпиондарымен салыстырғанда 150 мың доллар артық алады. Өзге де межеге жеткендердің де сыйақысы артады. Ал ең қызығы, тұсаукесер кездесуде жеңілген теннисшінің есепшотына 52 мың доллар түседі. Бұл былтырғымен салыстырғанда 201 пайызға көп.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ролан Гаррос-2018» турнирінде ерлер бәсекесінде испаниялық Рафаэль Надаль теңдессіз деп танылса, әйелдер сайысында румыниялық Симона Халеп дара шықты. Қазақстандық теннисшілер арасынан Юлия Путинцева ең жақсы нәтиже көрсетті. Ол осы турнирдің ширек финалына дейін жетті. Осы көрсеткішінің арқасында жерлесіміз 380 мың евроны қалтаға басқан еді.

Биылғы жарыс әдеттегідей Францияда 26 мамыр мен 9 шілде аралығында өтеді.