Спорт • 06 Сәуір, 2019

Елдос Сметов Анталияда алтын алды

1083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при додасында аса жеңіл салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов бас жүлдені олжалады.

Елдос Сметов Анталияда алтын алды

Алаштың алтын асықтай ұлы бастапқы бәсекелерде әзірбайжандық Оружа Вализада, болгариялық Валентин Алипиев және бразилиялық Фелипе Китадаиды ұтып, жартылай финалда ұлыбританиялық Эшли Маккензиден айласын асырды. Ақтық айқаста Елдос өзбекстандық Кемран Нұрилаевтың аяғын көктен келтірді. Сөз орайы келгенде, Түркиядағы турнирде қандасымыз барлық қарсыласын айқын басымдықпен, яғни «иппонмен» ұтқанын айта кеткен абзал.   

 Айтулы жарысты Отгонцэцэг Галдабрах күміс медальмен қорытындылады. Әйелдер сайысында аса жеңіл салмақта күрескен жерлесіміз Польша, Испания және Сербия спортшыларына сан соқтырғанымен, финалда Косовоның өкіліне есе жіберді.