Спорт • 06 Сәуір, 2019

Теннис: Бублик жартылай финалға шықты

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Александр Бублик жартылай финалға шықты.

Теннис: Бублик жартылай финалға шықты

1/8 финалда америкалық Митчел Крюгерді 7:6(7:2), 6:3 есебімен ұтқан жерлесіміз одан кейін Фелисиано Лопеспен кездесті. 32 жастағы Испания теннисшісінің бағындырған белестері бір төбе. Кезінде ол АТР тізімінде 12 орынға дейін көтерілген. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың ширек финалына бір емес, бірнеше реттен шыққан. Дэвис кубогын төрт рет, АТР турнирлерінде алты мәрте жеңімпаз атанды. 

Бүгінгі таңда әлемдік рейтингте 91 орында тұрған Фелисиано Лопесқа қарсы бәсекенің бірінші сеті тай-брейкке ұласты. Бұл ретте жерлесіміздің жолы болды – 7:6. Екінші сетте қазақстандық теннисшінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 6:3. 

Жартылай финалда Александр БубликТеннис Сандгренмен сайысқа түседі. 27 жастағы АҚШ теннисшісі былтыр Австралияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жетіп, көпшіліктің таңдандырған еді. Қазіргі кезде ол АТР тізімінде 93 орында тұр.