Спорт • 08 Сәуір, 2019

Теннис: Бублик финалға шықты

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Александр Бублик өте жақсы өнер көрсетуде.

Теннис: Бублик финалға шықты

1/8 финалда америкалық Митчел Крюгерді 7:6(7:2), 6:3 есебімен ұтқан жерлесіміз одан кейін кезінде Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың ширек финалына бір емес, бірнеше рет шығып, Дэвис кубогын төрт рет, АТР турнирлерінде алты мәрте жеңімпаз атанған Фелисиано Лопесті ұтты. Есеп – 7:6, 6:3.

Бүгін жартылай финалда Александр Бублик Теннис Сандгренмен сайысқа түсті. 27 жастағы АҚШ теннисшісі былтыр Австралияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жетіп, көпшіліктің таңдандырған еді. Қазіргі кезде ол АТР тізімінде 93 орында тұр. 1 сағат 39 секундқа созылған бұл бәсекенің алғашқы сеті  сағат америкалықтың пайдасына шешілді. Десек те одан кейін ойын тізгінін өз қолына алған жерлесіміз жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.  Есеп – 2:6, 6:2, 7:6.